Дәрігерлер ота жасау үшін сәбиді анасының құрсағынан шығарып, кейін қайта салып қойды
Дәрігерлер ота жасау үшін сәбиді анасының құрсағынан шығарып, кейін қайта салып қойды

Ұлыбританияда дәрігерлер ота жасау үшін анасының құрсағындағы сәбиді шығарып алып, кейін қайта салып қойды.

Бернем қаласының тұрғыны Бетан Симпсонның сәбиі сәуір айында өмірге келуі тиіс. Ол дәрігердің жіті бақылауында болды. Бесінші айында ультра-күлгін сәулеге түсіп, баланың денсаулығы жақсы екенін білді. Ал, Эссекс патшалығында толық тексеруден өткенде дәрігерлер баланың омыртқасы бөлінгенін айтады. Ол дефект ананың құрсағында толық дамымай қалған.

“Маған ешқандай әдіс қолданбауға немесе жүктілікті тоқтатуға кеңес берді. Сонымен қатар жаңа ерекше әдіс – бала тумай тұрып оған ота жасау әдісін ұсынды. Біз келістік”, – дейді Симпсон.

Ол үшін бала мен ананың денсаулығын толық тексеріп алды.

Алты айлығында ота жасалды. Дәрігерлер баланы анасының құрсағынан алып, жұлынын қалпына келтіріп, кейін қайта жатырына орналастырды. Ота сәтті өтті.

“Англияда анасы баласының ауруын білген соң балалардың 80 пайызы шетінеп кетеді”, – дейді Симпсон.

Ол аналарды мұндай аурудан қорықпауға шақырды. Қазір емдеу әдісінің нәтижелі екенін айтты.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 ай бұрын 722
0 пікір
Блог туралы