Дені сау әйелдердің бала көтере алмау себебі анықталды
Дені сау әйелдердің бала көтере алмау себебі анықталды

Америкалық ғалымдар отбасылық жұптардың сау бола тұра неге балалы бола алмайтынын анықтады. Зерттеу Journal of Clinical Endocrinology & Metabolism басылымында жарияланды, - деп хабралайды EurekAlert!. Бала көтере алмау себебін дәрігерлер анықтай алмаған әйелдерде тиротропин гормонының мөлшері бедеулік белгісі бар әйелдерге қарағанда көп болады екен. Ал мұндай әйелдер саны (гормон мөлшері 0,117 нанограммнан артық) белсіз ерлерге тұрмысқа шыққан әйелдер санынан екі есе артық болып шықты.  Зерттеушілер 2000 және 2012 жылдары Бостондағы Partner HealthCare System ауруханаларына қаралған 18 бен 39 жас аралығындағы жұптардың мәліметтерін саралай келе осындай шешімге келді. "Тиротропин мөлшірінің көп болуы бала көтергісі келген әйелдерге кері әсер етуі мүмкін", - дейді зерттеушілердің бірі Паунех Фазели. Тиротропин бас миының алдыңғы гипофизінен бөлінеді. Оның қан құрамындағы мөлшерінің артуы қалқанша безінің жұмысын нашарлауына алып келеді. 

Ғалымдар бедеуліктің тағы бір себебін анықтады

Америкалық ғалымдар ерлі-зайыптылардың перзент сүйе алмауларының жаңа себебін анықтады. Зерттеу жұмысының нәтижесі Clinical Endocrinology&Metabolism журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі EurekAlert сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар белгісіз себептермен бала көтере алмай жүрген әйелдерде тиротропин деңгейінің жоғары екенін анықтады. Дәлірек айтсақ, бедеулігінің себебі анықталмаған әйелдердің қан құрамында аталған гормон түрі 0,117 нанограммнан жоғары болған. Ал бедеулігінің себебі анықталған әйелдерде бұл гормон мөлшері екі есе аз.

Ғалымдар мұндай мәлімдеме жасамас бұрын 2000-2012 жылдары Бостондағы Partner Health Care System ауруханасында жатқан 18-39 жас аралығындағы бедеу әйелдерді бақылаған. Нәтижесінде 187 жұптың бала сүйе алмауы әйел денсаулығындағы, 52 жұптың бала сүйе алмауы ер адам денсаулығындағы кінәратпен тікелей байланысты екені анықталған.

«Әйелдердің бедеулігі қандарында тиротропин мөлшерінің көптігімен байланысты болуы мүмкін», - дейді зерттеу авторларының бірі Паунех Фазели.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 ай бұрын 1100
0 пікір
Блог туралы