Ғалымдар өкпені никотиннен тазарту жолын айтты
Ғалымдар өкпені никотиннен тазарту жолын айтты

Қарапайым диетаның көмегімен ағзадан зиянды заттарды жылдам шығарып тастауға болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru сайтына сілтеме жасап. 

Джон Хопкинс атындағы университет ғалымдары зерттеу жұмысын жүргізіп, адам ағзасынан токсиндер мен «қоқыстарды» сыртқа жылдам шығаратын көкөніс пен жеміс түрін анықтады. Көп жыл бойы шылым шегіп келген адам күнделікті екі қызанақ пен бірнеше алма жеу арқылы ағзасын тазарта алады.

Ғалымдардың мәліметінше, мұндай диета тыныс алу жолында тұрып қалған никотиннен арылуға көмектеседі. Себебі, алма мен қызанақ құрамындағы дәрумендер қанға барып еріген соң, қан тамырларын қайта қалпына келтіру процессіне қатысады. Бұдан өзге осы көкөніс пен жемістің арқасында өзге де өмірлік маңызы бар ағзалардың жұмысын қайта қалпына келтіруге болады.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 ай бұрын 724
0 пікір
Блог туралы