Ғалымдар семіздікті жеңудің ең тиімді әдісін тапты
Ғалымдар семіздікті жеңудің ең тиімді әдісін тапты

АҚШ-тағыДжон Хопкинс университетінің зерттеушілері газдалған және құрамында қанты бар сусындарға семіздік қатері туралы ескертетін арнайы белгі қоюды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеп Stan.kz.

Мамандар, әсіресе, балалар арасында семіздік індетінің таралуын газдалған сусындармен байланыстырып отыр. Олар аталған сусындардың «бос калория» көзі екенін айтты. Сонымен қатар, адам организимі үшін қоректілік құндылығы жоқ екенін атап өтті.

АҚШ денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық статистика орталығының 1988-1994 және 1999-2004 жылдарға арналған мәліметтері бойынша, 6-11 жас аралығындағы балаларда газдалған сусындардан алған калорияның тәуліктік көлемі 20%-ға өсіпті.

Мамандар нақты статистикалық мәліметтер негізінде «Семіздіктің алдын алу үшін виртуалды популяциялар» атауымен қалалық өмірдің компьютерлік моделін жасап, зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысы барысында қала тұрғындары күнделікті тірлігімен айналысады, тамақ, сусындар сатып алады.

Сан-Франциско, Симуляция Балтимор және Филадельфия қалаларының азық-түлік дүкендерінде сусын сыртында ескерту таңбасының болуы (мысалы, қанттың зияндылығы туралы) семіздіктің таралу деңгейін төмендететінін көрсетті. Зерттеушілердің пікірінше, өнім сыртындағы мұндай белгілер клиенттердің құрамында қанты бар сусынды сатып алуын 4 пайызға азайтады екен.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 ай бұрын 613
0 пікір
Блог туралы