Көз арқылы қандай ауруларды анықтауға болады?
Көз арқылы қандай ауруларды анықтауға болады?

Көз – жанның айнасы. Одан бөлек дененің бұл мүшесі ағзада болып жатқан әртүрлі патологиялық өзгерістер мен кемшіліктер туралы «айтып» бере алады.

Көз аймағы – адамның бет-жүзінің маңызды бөлігі. Адам адаммен сөйлесу барысында оның көзіне тіке қарайды, өзін мазалаған сұрақтардың жауабын көзден іздейді. Байқасаңыз, дәрігердің өзі науқастың жүзіне тура қарап сөйлейді. Себебі көз адам ағзасында болып жатқан патологиялық ауытқушылықтарды көрсете алады.

Көзге қарау арқылы денсаулықтағы қандай ақауларды анықтауға болады? Осы сұраққа жауап беріп көрелік.

Теріскеннің жиі шығуы

Қабақ аймағындағы созылмалы дерт, көздің ісінуі, көру қабілетінің нашарлауы… Бұл симптомдар көпшілікке таныс.

Теріскен көптеген адамдарға шығады. Қабынудың бұл түрі іріңді болып келеді. Ол ағзадағы иммундық күштердің әлсіреуінен болады. Алайда кейде қабақтың қабынуы ұзаққа дейін созылады (әдетте 3 ай) немесе қайта-қайта шығады. Мұндай жағдайда дәрігерлер май бездерінің обырын анықтауы мүмкін.

Теріскеннің қатерлі түрі кетпейді. Араға уақыт салып, бір жерге қайта-қайта шығады. Қабынған аймақтағы кірпіктердің түсуі де қатерлі аурудың белгісі болуы мүмкін.

Бұл жағдайда ең алдымен қабынудың қандай сипатта екенін анықтау қажет. Егер ол ұзақ уақытқа дейін кетпесе, офтальмологқа жүгінген жөн. Нақты диагноз қою үшін әдетте тін биопсиясын жасайды.

Сары ісік

Денеде сары түсті дақтардың пайда болуы (ісікке ұқсас) – қабақ ксантелазмының пайда болғанының белгісі. Мамандардың айтуынша, бұл проблема әдетте адам қанында холестериннің шамадан тыс артуының белгісі болып табылады. Ал тамырда пайда болатын жараларды әдетте холестеринді жара деп атайды. Әдетте көзде ол майдың түзілуімен көрінеді.

Холестериннің артуы анемия, гепатит, бауыр циррозы мен обыры, Жильбер синдромы, өт ағыны, денеде паразиттердің артуына апарып соғуы мүмкін.

Мұндай жаралардың көлемі үлкен болмайды, олар бірнеше топқа топтаса алады. Холестеринді жаралар көзге көрініп тұратындықтан, оның қандағы мөлшерінің артуын сырттай бақылап анықтауға болады.

Қабыршақтың пайда болуы

Қабақтың айналасында қабыршақтар пайда болса, алаңдауға себеп бар. Бұған блефарит себеп болуы мүмкін.

Бұл қабақтағы қабыну процесі болып табылады. Сондай қабыршақтар әр түрлі дерматологиялық патологиялардың қайызғақтану салдарынан да болады. Егер себеп дерматологияда болса, әйел адамдарда терісінің лезде қызарғандығы байқалады. Бұдан бөлек өзге белгілерінің бірі болып көздің тітіркенуін жатқызуға болады. Бірегей көздің шамадан тыс жастануы немесе тым құрғақтануы дамиды. Мұның салдарынан тері қауызы пайда болып, қабақ айналасына жинақталады.

Мұндай қабынудың себебі өте көп. Мысалы: кір қолдан жұққан микробтар, аллергия, нашар экология, дәрумендердің жетіспеуі, дұрыс тамақтанбау. Блефарит көбінесе анемиямен ауыратын адамдарда, кариес, асқазан және ішек қабынған жағдайда кездеседі.

Жағдайды түзеу үшін ванналар және лосьондар қолданады. Оларды міндетті түрде құрғақ қолмен жасау керек. Процедураны жасап болғаннан кейін санаулы 2 минут откен соң қабыршақтың көп бөлігі қайтады. Сонда да офтальмологқа тексерілген жөн.

Көздің сарғаюы

Әдетте бауыр аурулары білінбей пайда болып, дамиды. Дегенмен бауыр дертін де адамның көзіне қарап анықтауға болады. Бауырда ақау болған жағдайда, көздің склерасы (ақ бөлігі) сарғаюы мүмкін. Жалпы көздің сарғаюы өт қабы қызметінің бұзылуын, бауыр циррозын немесе гепатитті білдіруі ғажап емес. Көз түсінің өзгеруі ағзада билирубиннің жиналып қалуымен түсіндіріледі. Ал ол бауыр өз қызметін дұрыс атқара алмаған кезде шамадан тыс артып кетеді.

Кей жағдайда дененің өзге бөліктері де сарғаюы мүмкін (мысалы, тері). Міндетті түрде тез арада дәрігерге көрігіп, аурудың қай деңгейде екенін анықтау қажет.

Қастың жұқаруы

Әдетте әйелдер сұлулықты көздеп, қастарын теріп жатады. Алайда кейде олар өздігінен түсіп қалады. Олардың үштен бір бөлігі түскен жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Құлаққа жақын маңдағы шаштардың түсуі – патологиялық ауруларды білдіреді. Әдетте бұл аймақтағы шаштың түсуі қалқанша безі ауруларын білдіруі мүмкін.

Мұндай жағдайда эндокринолог дәрігерге қаралу қажет.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
2 ай бұрын 530
0 пікір
Блог туралы