Мисыз туылған баланың өмірінде ғажайып оқиға орын алды (ФОТО)
Мисыз туылған баланың өмірінде ғажайып оқиға орын алды (ФОТО)

2012 жылы дүниеге Ной есімді сәби келіп біраз дәрігерлердің есін шығарған болатын. Оның себебі де жоқ емес. Нойдың омыртқа бағанасы зақымдалған, соның салдарынан миы болмаған. Жүктілік кезінде баланың дүниеге келуі өте ауыр болатыны оның анасына да айтылған. Сәбидің қатты қиналып өмірден өтетіні, бұлай өмір сүре алмайтындығы туралы болжамдар жасалды. Жүктілікті тоқату ұсынылды.

 

Алайда, Шеллидің анасы бұл ұсыныстан бас тартқан. Сәби дүниеге келген соң арада 5 жылдан кейін Ной туралы танымал BBC телеарнасы «мисыз бала» деген атаумен деректі фильм түсірген. Мидың қатты зақымдалуына (гидроцефалия) шалдыққан сәбидің ғұмыры ұзаққа созылмайтындығы айтылды. Себебі, мұндай аурудың емі жоқ әрі емделіп шыққандар да болмаған.

Шындығына келгенде, ғалымдар мен дәрігерлердің болжамы орындалды. Бастапқыда бала қарапайым әрекеттерді істеуге қауқарсыз болған. Алайда, арада біраз уақыт өткен соң ғажайып орын алған. Нойдың миы ақырындап өсе бастаған. Адам айтса нанғысыз!

 

Бұл баламен болған оқиға медицина тарихындағы ғажайып, өзгеше дүние.

 

Әрине, бұл баланың құлан таза айығып кетуі мүмкін емес. Алайда, оның жазылып кетуі тек қана табиғат пен жаратушының иелігі мен қалауындағы нәрсе. Ал дәрігерлер болса оның жағдайын тек бақылауда ғана ұстай алады.

Дайындаған: Назерке МҰСА

qamshy.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
5 ай бұрын 557
0 пікір
Блог туралы