СҚО әкімі еліміздің оңтүстігінен көшіп келетін жастарға үй салып беруге уәде етті
СҚО әкімі еліміздің оңтүстігінен көшіп келетін жастарға үй салып беруге уәде етті

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өңірге «Серпін» бағдарламасы бойынша көшіп келген жастарға үй салып беруге әзір екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

«Таяуда «Серпін» бағдарламасы аясында оқитын балалармен кездестім. Қазіргі уақытта өңірдегі мемлекеттік университет пен бес колледжде жалпы саны 114 бала оқиды. Мемлекеттік университеттің алғашқы түлектері биылғы жылы оқуын тәмамдайын деп отыр. Біз олардың оқуына, жатын орындарына, тамақтарына, жылына екі рет ауылына барып келуіне қажет қаражатты бөлетін боламыз. Осылайша, барлығы тегін. Біз осы балаларды оқуы біткеннен кейін өңірде қалдыруға тырысудамыз. Соңғы кездесу барысында екі балаға осы жерде үйленіп, балалы болса, тегін үй салып беретінімізді айттым. Біз осындай уәде беріп отырмыз. Алайда ол үшін қалаға не аудан орталығына емес, ауылға бару керек», – дейді Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар облыс әкімінің айтуынша, кәсіпкерлер ауылды жерге көшіп келіп, сол жерде жұмыс істеуге келіскен жастарға үй салып  береді екен. Десе де уақыттарда тұрғын үй қызметтік баспана ретінде рәсімделетіндіктен, оны бірден жеке меншігіне өткізу мүмкін болмайды.

«Қазіргі уақытта өңірдегі ауыл мектептеріне, фельдшерлік бекеттер мен ауруханаларға мамандар қажет болып отыр. Егер ЖОО-дағы оқуын бітірген түлектер ауылға  барып, үйленіп, балалы болса, тегін үй салып беруге дайынбыз. Алайда ол қызметтік баспана ретінде рәсімделеді. Артынан баспананы жекешелендіруге болатын шығар. Тұрғын үйді кәсіпкерлер салып беретіндіктен, ауылға білікті мамандарды тарта аламыз», – дейді Құмар Ақсақалов.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 ай бұрын 505
0 пікір
Блог туралы