Тіс ағартудың ең тиімді тәсілі
Тіс ағартудың ең тиімді тәсілі

Ақ маржандай аппақ тіс кез келген адамға жарасады. Әрине тістерді маманға көрсетіп, аурулары болса емдетіп, арасында тазалатып тұру керек. Сондай-ақ тістеріңізді үйде де ағартуға болады. Тістің әдемі, түзу және аппақ болғаны кімге ұнамасын?! Бірақ, тіс сұлулығы үлкен күтімді қажет етеді. Тіс ағартудағы бірінші көмекші — ас содасы деген пікір қалыптасқан. Алайда, біз тіс эмалін құртып алмай, сарғаюмен оңай күресудің басқа жолын ұсынамыз. Оңай, жылдам және пайдалы! Ол үшін:  • Әдеттегідей тісіңізді тіс пастасымен ысыңыз;  • Одан кейін, тіс щеткасын жуып, оған бір-екі тамшы шай ағашы (чайное дерево) майын тамызыңыз;  • Тісіңізді екінші мәрте ысыңыз;  • Аузыңызды жылы сумен шайыңыз. Тісіңіз жылтырап, ағара түскенін бірінші жуғаннан-ақ, байқауға болады. Бұл емдік шараны аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Үзбей қолданысқа енген бұл әдіс көп күттірмей -ақ, Сізді армандаған аппақ тістің иесі етеді. Оған қоса, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайтынына сенімді боласыз. Ескерте кетейік, ешбір қоспасыз өңделген шай ағашы майын дәріханадан сатып алуыңызға болады.

arular.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
28 күн бұрын 836
0 пікір
Блог туралы