11 күннен кейін сәбилері өлетінін білген отбасылық жұптың іс-әрекеті жүректі елжіретті
11 күннен кейін сәбилері өлетінін білген отбасылық жұптың іс-әрекеті жүректі елжіретті

Линдси Брентлигер және оның күйеуі Мэттью ұзақ уақыттан бері балалы болуды армандаған. Бірнеше жылдар бойы құрсақ көтере алмаған әйелдің 17 желтоқсан күні арманы орындалды. Алайда қуаныштары ұзаққа созылмаған бұл жұптың егіз балалары (Рейган мен Уйльям) біршама ауру диагнозбен дүниеге келген. Сол жақ жүрек тұсы жұмыс істемеген. Линдси жүктіліктің 23-ші аптасына келгенде Уйльямның өміріне қауіп төніп тұрғандығын айтқан. Олар баланы өлі күйінде туылады деп ойлаған. Алайда, бала дүниеге келіп, өзінің отбасымен 11 күнді өткерді. «Біздің өміріміздегі ең керемет 11 күн болды», - дейді отбасылық жұп.

Сол керемет кездерді мәңгі есте сақтау үшін естелікке суретке түсіріп, фотосессия жасауға келіскен. Олар Линдси Браун есімді фотографтың көмегіне жүгінген.

Рождество мерекесі жақындап қалғандықтан Линдси Браунның бос уақыты мүлде жоқ еді. Алайда Брентлингер отбасының оқиғасын естігеннен соң фотосессия жасауға бірден келісім берген.

Шолушы: Назерке Лабихан

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3095
0 пікір
Блог туралы