Әйелім екеуміз жамағатқа саналамыз ба?
Әйелім екеуміз жамағатқа саналамыз ба?

Ассалаумағалейкум! Намазды жамағатпен оқығанға 27 есе сауап бар дейді. Үйде әйелім маған ұйып, бірге намаз оқимыз. Екеуміздің оқыған намазымыз жамағат намазына есептеле ма?  Әлібек.

Жауап 

Уағалейкумсалам, Әлібек мырза!

Негізінде намазда имамнан бөлек тағы бір адам болса, ол екеуі жамағат болып есептеледі. «Имамға ұйыған жалғыз адам тек еркек болуы керек» деген шектеу жоқ.

Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Екі және одан да көп адам жамағат болып саналады»,[1] – деген. Осы хадиске сүйене отырып, Ханафи мәзһабының ғалымдары: «...Алланың Елшісі аталмыш хадисте «екі адам» деп жалпылама айтқандықтан, екі адамның бірі әйел болса да, тіпті оңды-солын танып қалған жас бала болса да, әйтеуір имамның артына тұрып намаз оқыса, жамағат болып саналады...»,[2] – деп тұжырымдайды. 


[1] Ибн Мәжә – 1/213 бет/ 972 хадис
[2] Әл Кәсәни, Бадаиғ – 1/665 бет.

muslim.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 жыл бұрын 3437
0 пікір
Блог туралы