Алып жыланмен өзенде жүзген жасөспірім өліп қала жаздады (видео)
Алып жыланмен өзенде жүзген жасөспірім өліп қала жаздады (видео)

Аустралияда қызықты оқиғаларды жақсы көретін жасөспірім алып жыланмен бірге өзен ішінде жүзді.

18 жастағы Миллер Уилсон Аустралияның солтүстігіндегі тропикалық орманды зерттеп жүріп ішінде үш метрлік жылан жүзген өзенге тап болды. Ол болған оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген.

Бейнежазбадан аустралиялықтың мұздай су ішінде тұрып алып жыланды жағаға қарай бағыттап жатқанын көруге болады. Бір сәтте жылан жігітке жақынырақ келіп, оны шағатындай көрінеді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Уилсонның батылдығына ерекше таңғалды.

«Аустралиялықтар жануарлардан қорқа бермейді» деп жазды көрермендердің бірі.

Кейбіреуі Уилсонды танымал табиғаттанушы Стив Ирвинмен салыстырды. Ол 2006 жылы төрт түлік малмен болған оқиғада абайсызда көз жұмған еді.

«Сен Стив Ирвиннің ұлымын десең, мен саған сеніп қалар едім», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Уилсон осыған ұқсас қауіпті видеоларды 11 жасынан бастап түсіріп келеді.

«Менің басты мақсатым — адамдарға жануарлардың ерекше түрлерін және олардың қаншалықты тамаша екенін көрсету», — деп жазды.

kznews.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 жыл бұрын 1898
0 пікір
Блог туралы