Әскерден қашу үшін әдейілеп семірген жігіт сотталып кетті
Әскерден қашу үшін әдейілеп семірген жігіт сотталып кетті

Оңтүстік Корей елінің азаматы әскерге бармау үшін семірген. Алайда оның бұл қулығы әшкере болып, сол үшін түрмеге жабылды.

21 жастағы жігіт әскери қызметтен қашқаны үшін сотталды. Ол әскерге шақырылатын 6 ай ішінде 30 келі салмақ қосқан.

Оның бойы 2016 жылы ақпан айында 180 см, салмағы 87 келі болған. Маусым айында салмағы 113,6 келіге өсіп кеткен. Салмағы сәйкес келмегендіктен оны әскерге емес, мемлекеттік қызметке жібереді.

Кейіннен полиция жігіттің әдейілеп салмақ қосқанын біліп қалған. Оңтүстік Корей елінде әскерден қашу үшін түрлі әрекеттерге баруға, өз денсаулығына зиян келтіруге заңмен тыйым салынған. Ол үшін адам 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Айыпталған жігіт жазасын шартты түрде өтеп жүр. Оған соттың қандай үкім шығарғаны белгісіз.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 2859
0 пікір
Блог туралы