Асқазан қыжылы неден пайда болады және одан қалай айығамыз?
Асқазан қыжылы неден пайда болады және одан қалай айығамыз?

Асқазан қыжылы(изжо́га) –  көкірек  тұсынан басталып, өңешке дейін созылатын кеуде тұсындағы жайсыздық немесе ашығандай әсер алу. Бұл көбінесе асқазаннан өңештің сілті ортасына түсетін қышқылдың әсерінен пайда болады.

Медицинада мұны асқазан сөлі қышқылының артуының белгісі деп қарайды. Мұндай сезім көбінесе тамақтан кейінгі бір сағаттан соң, не қалыпсыз дене әрекеті мен ауыр дене еңбегінен кейін білінуі мүмкін. Сонымен қатар, қыжыл диафрагмальды грыжа, асқазан жарасы, гастрит, эзофагит кезінде де пайда болады.

Адамдардың ас ішу уақытының тұрақты болмауы, асқазан қыжылын тудыратын басты себептердің бірі. Егер адамдар біраз уақыт тамақ ішпей аш жүріп, бірден тоя тамақтанса, болмаса тамақтан соң дереу ұйықтап не моншаға түссе, ас қорту кезінде асқазанға қажетті оттегі толық жетіспейтіндіктен бұл асқазанның созылуына, кейін келе асқазан қыжылына алып келеді. Сондықтан астан соң ешқандай дене әрекетінсіз аз уақыт кеудені тік ұстап отыру пайдалы. Медицинада қыжыл жүрек қан тамырлары және жүйке жүйесі аурулары әсерінен де пайда болады деп қаралады. Сондықтан қыжыл тек азықтықтар әсерінен болады деу қате көзқарас.

Халқымыз «ауру астан» деп бекер айтпаған. Қазіргі кезде адамдар қолайлылығына қарай көп тұтынуға дағдыланған жасанды азықтардың адам денсаулығына кері әсері өте мол. Себебі мұндай азықтықтар ұзақ уақыт сақталу үшін химиялық қосылыстар арқылы қатырылатындықтан ондағы қышқылдар ас қорту жүйесінің қалыпты қызметін бұзуы мүмкін. Шала дайындалған қышқылды тағамдарды көп жеуден мысалы, ұннан жасалған тәтті тағамдарды, жаңа демделген кисельдерді жегеннен кейін де көп адамдарда асқазан қыжылы пайда болады. Дегенмен бұл аса қауіпті емес. Асқазанға тамақ жақпаудан пайда болатын мұндай сезімдер жиі кезігіп жатады. Бастысы асқазан дертіне шалдығудан сақтану керек. Ол үшін асқазан қышқылын арттыратын тағамдарды, жасанды азықтарды аз тұтынуға дағдыланған жөн.

Асқазан қыжылынан жүкті әйелдер де көп зардап шегеді. Себебі токсикоздың әсерінен олар көп құсады, құсықтың әсерінен өңеш тітіркенетіндіктен, әрі жүктіліктің екінші бөлігінде уақытша болатын асқазанның кардиальді бөлігінің функциональды жетіспеушілігінен асқазан қыжылы пайда болады. Мұндай кездерде тамаққа тәбет азаяды. Асқазан ауруы бар науқастарда қыжыл көбінде кекірумен қатар келеді. Мұндай дертке шалдыққан науқастардың тамақтанған соң көкірек тұсы ашып, ыңғайсыздық пайда болады. Көбінесе қыжыл түзу жатқанда, еңкейгенде күшейеді.

Халық арасында асқазан қыжылын емдеудің бірнеше жақсы тәсілдері бар. Солардың ішіндегі ең коп қолданылатын түрі кәдімгі ас содасын қолдану арқылы қыжылды басу. Бір стақан қайнаған жылы суға бір шымшым ас содасын араластырып суды суытпай ішу керек. Асқазан қыжылы бар науқастар жылы минеральды су, сүт ішуге дағдыланғаны дұрыс. Себебі сүт асқазанға ең жеңіл әрі пайдалы тағам. Кей жағдайларда медициналық көмір ұнтағын сумен араластырып ішу арқылы да қыжылды басуға болады. Асқазан қыжылын басудың тағы бір тиімді жолы картоптың жаңа сығылған сөлін пайдалану. Бұл бір жағынан созылмалы гастриттің алдын алуға да әсер етеді. Картоп сөлін тамақтан 15-20 минут бұрын күніне 4 рет 1/4 стақаннан ішіп тұрсаңыз емнің өнімділігін екі аптадан соң-ақ байқайтын боласыз. Егер қыжыл басылса емделуді тоқтатпаған жон. Бұл тәсілді асқазан жұмысын жақсарту үшін күніне екі рет жалғасты қабылдай беруіңізге болады.

Қарапайым тұрмыста қыжылды емдеудің түрлері өте көп. Егер 80-100 г алма не сірке қышқылын тамақтанар алдында күніне бір рет 2-3 апта қабылдасаңыз, қыжылдан құтылуға болады. Құлмақ ұнын қоңыр түске жеткенше қуырып, үгітіп, елеп, күніне 3-4 рет пышақтың ұшымен алып, жей берсе де қыжылды басуға септігін тигізеді.

Егер қыжыл жарты ай ішінде аптасына үш реттен артық қайталанса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Өйткені асқазанның өзгеде қатерлі дерттерінің әсерінен қыжыл сезімі көп пайда болуы мүмкін. Қыжыл кей жағдайда тамақтан уланудың әсерінен де болады. Уланудың алғашқы белгілері тамақтанғаннан кейін 30 сағаттың ішінде білінетіндіктен әсте асқазан қыжылына сәл қарауға болмайды. Дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгініп, қажетті ем қабылдап тұру өзіңіз үшін қауіпсіз әрі пайдалы. Қыжылдан көп зардап шегетін науқастар майсыз асқан ет, құс еті, балық өнімдері және буға пісірілген тағамдарды көбірек тұтынуы керек.

Жұмсақ пісірілген мұндай өнімдер ас қорту жүйесіне көп күш түсірмейді. Шығыс медицинасы бойынша көңіл-күйдің тұрақсыздығы да асқазан ауруына алып келеді. Өйткені қатты ашуланудан адамның бауыр қызметі бұзылып, асқазанға қан жетіспейді. Яғни қан айналысының қалыпсыздығы салдарынан жасушалық, ұлпалық меридияндар (жанканалдары) бұзылатындықтан, асқазанда болатын қатерлі ауруларды туғызады. Сондықтан әр қашан қыжылға сәл қарамай, дер кезінде себебін анықтап, дәрігердің көмегіне жүгініп отыру керек.

Жас-Ай журналы

 

Қыжылдан құтылыңыз

Асқазан-ішек жүйесі дұрыс жұмыс атқарып тұрғанда асқазан сөлі қышқылдығы мен асқазанның кілегей қабығы арасында тепе-теңдік сақталады. Құрамында қышқылы бар асқазан сөлі асқорыту үрдісін іске қосады және тағаммен бірге асқазанға түскен микробтарды жояды. Осы кезде кілегей қабық асқазанда өндірілген қышқылдан асқазанның қабырғасын қорғайды. Егер қышқыл өте көп өндірілсе, онда табиғи тепе-теңдік бұзылып, бұл күйдіру сезімінің туындауына әкеледі.

Қыжыл өңешке кері шығатын асқазанның құрамдас бөлігінің артық қышқылдығымен шақырылады. Әдетте асқазан жоғарғы бөлікте орналасқан сфинктердің көмегі арқылы қышқылдың әсерінен жақсы қорғалады, алайда егер сфинктер әлсіз болса, асқазанның құрамдас бөлігі өңешке өтуі мүмкін. Мұндай жағдайда асқазан қышқылы өңештің сезімтал тіндерін тітіркендіріп, күйдіру сезімі мен қыжылды шақырады.

Қыжыл симптомдарынан құтылу үшін жаңа піскен көкөністердің шырынын ішкен пайдалы. Оларды жеке және араластырып ішугеде болады. Сәбіз, қызылша, қырыққабат шырындарын араластырып, 2-3 ас қасық мөлшерінде қабылдау ас қорыту жүйесіне профилактикалық әсері бар және қыжылдауды жеңуге көмектеседі. Бұл шырынды ас ішерден алдын қабылдау керек.

Қыжылға қарсы картоп шырыны

Картоп шырыны қыжылмен күрестегі ең тиімді әдіс. Ішкі пайдалану кезінде, ол қыжыл симптомдарын тез арада жояды. Сонымен қатар, картоп шырыны қыжыл жиі мазалайтын және жоғары қышқылдылығы бар гастриті бар адамдардың жалпы жағдайын жақсартады. Табиғи және денсаулыққа пайдасы мол болғандықтан, бұл шырынды жүктілік кезіндеде пайдалануға болады.

Ас содасымен қыжылдан арылыңыз

Натрий гидрокарбонатын кез-келген ас үйден кездестіруге болады, ол кәдімгі ас содасы. Ас содасын көбіне қыжыл симптомдарын бейтараптандыру үшін қолданылады.

Рецепт: жарты шай қасық ас содасын 1 стақан жылы суға қосып, араластырыңыз. Осы суды суып қалмай тұрған кезінде аз-аздан ішу қажет. Соңына дейін ішуге болмайды, түбін төгіп тастаған дұрыс. Ішкеннен соң, әлдеқайда тез әсерге қол жеткізу үшін, басты көтеріп жартылай жатыңыз. Сонда қыжыл белгілері 10 минут ішінде өтуі тиіс. Қажет болған жағдайда бұны қайтадан істеуге болады. Бірақ, ең жоғарғы тәуліктік доза 200 граммнан аспауы тиіс.

Балдың қыжылға қарсы қасиеті

Балдың тыныштандыратын және асқазандағы жайсыздықты жоятын емдік қасиеттері бар. Оны таза күйінде қыжылға қарсы сирек қолданады. Балды басқада емдік заттармен араластырғанда оның тиімділігі жоғарылай түседі. Балмен қыжылды емдеудің жолы өте оңай.

Рецепт: 1 ас қасық балды, 1 стақан жылы сумен араластырып, азанда және кешке ас ішерден 30 минут алдын ішіп тұру қажет. Бұл су қыжылдың жағымсыз әсерлерін жойып, асқазанға өз пайдасын тигізе отырып, 1 айдан кейін қыжылды мүлдем жояды.

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

alashainasy.kz 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 жыл бұрын 14859
0 пікір
Блог туралы