Адам бойы туралы қызықты фактілер:
Таңертең кешкі уақытқа қарағанда біз биікпіз. Себебі күні бойы адам бел омыртқасы мен аяқ қозғалыста болады.. Ал түнде адам қозғалысы азаяды.
Адам ғарышта өседі. Ғарышта көп уақыт бойы болған адамның бойы өсетінін ғалымдар байқапты. Адам бойы тіпті 5-8 сантиметрге дейін өседі екен.
Бойыңыздың қысқа болғанына көңіліңіз толмаса, төмендегідей жаттығулар жасауды ұсынамыз:
1. Керілу Керіліп, созылып жасаған жаттығулар бойдың өсуіне көп әсер етеді. Бұлшық етіңіз бен сіңіріңіз созылып, орнына келеді. Егер мұндай жаттығуды күн сайын қайталап жүрсеңіз, денеңіз шынығып, бойыңыз өседі.
2. Секіру. Бір орында тұрып, биіктікке секіру де бойыңыздың өсуіне көмектесетін керемет жаттығу түрі. Егер күніне 200 рет осылай секірсеңіз, 1-2 айдың ішінде денеңіз тіктеліп, бойыңыз біраз өсіп қалады.
3. Жүзу Егер жүзумен айналыса бастаңыз, 1-2 айдың ішінде зор денелі болып шыға келесіз. Балаңызды жастайынан бассейнге берсеңіз, бойының биік болып өсетініне кепіл береміз. Өйткені судың адам денсаулығына пайдасы өте көп.
4. Баскетбол. Мысалы жоғарыға секіру, қолыңыз бен аяғыңыздың бұлшықеттерін созу, беліңізді тік ұстау секілді жаттығулар бойынызды қалыпқа келтіреді.
5. Дұрыс тамақтану. Сүт өнімдерін және темір мен мырышқа бай алма, асқабақ дәні секілді тағамдарды кіргізе аласыз. Сонымен қатар дәрумендер мен минералдарға бай шырындарды ішуіңізге болады.
6. Массаж. 20 рет массаж сеансын қабылдасаңыз, денеңіздің жақсарғанына және бұрынғы бойыңызға бірнеше сантиметр қосқаныңызға көзіңізді жеткізесіз.
7. Дұрыс ұйқы. Күніне 9 сағат үйықтасаңыз, бойыңыздың өсуіне ерекше әсер етеді.