Дәлел үшін жанпида
Дәлел үшін жанпида

1871 жылы Клемент Валландигэм деген америкалық адвокат шарапханада тәжікелесіп қап, ақыры кісі өлімімен аяқталған бір адамның ісіне қорғаушы болады.

Клементтің нұсқасы бойынша, шарапханада көз жұмған адам өз өліміне өзі кінәлі болған. Яғни, "ерегес барысында ол қалтасынан тапаншасын суырып алмақ болған кезде, тар қалтадан шықпай қалған тапанша атылып кеткен. Ауыр жараланған адам көп қан жоғалтудан көз жұмған" көрінеді.

Өзінің осы қорғау версиясын дәлелдемек болған Клемент кезекті бір сот отырысында стол үстінде жатқан полицейдің тапаншасын қалтасына салып, алас-күлес сәтте тар қалтадан суырып алудың ыңғайсыз екенін көрсетпек болған кезде.., оқтаулы тапанша атылып кетіп, сол жерде көз жұмған...

Қорғаушы жұмыс үстінде опат болды, ал, оның қорғауындағы адам осы "дәлелден" кейін ақталып шыққан...

Суретте - Клемент Валландигэм.

Қанат Ескендір

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 жыл бұрын 3008
0 пікір
Блог туралы