Дәрігелер сіңбіріудің неліктен зиян екенін айтты, – деп хабарлайды Stan.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, мұрынның екі қуысын бірдей қысып тұрып сіңбіру зиян екен.
«Адам сіңбірген кезде шығатын сұйықтықтың 4 мл-дей мөлшері гаймор қойнауына кетіп қалады. Салдарынан мұрынның гаймор қойнауы қабынуы мүмкін.
Бірақ мұрынды тазаламай жүру тағы мүмкін емес. Суық тиген кезде мұрыннан жиі су ағады. Сіңбіру барысында мұрынның екі қуысын бірдей жаппай, кезектеп қысу керек. Осылайша мұрын қуысын кезектестіре тазалаған жөн. Бұл әдісті қолданған кезде жұтқыншаққа түстетін қысым төмендеп, нәтижесінде гаймор қойнауына бөгде зат түспейді. Егер мұрыныңыз мүлдем бітеліп қалып, сіңбіре алмасаңыз, шалқайып жатқан күйде мұрын қуысын тұзды сумен (шамамен%) шайыңыз», – дейді Ұлттық медициналық балалар денсаулығын зерттеу орталығының профессоры Владимир Таточенко.