Түркияда дәрігерлер ерекше ота жасады. Олар науқасқа анасының қабырғасынан құлақ жасап берді.
22 жастағы Үміт Гүл құлақ қалқансыз туған. Өзгелер ұлын мазақ қыла берген соң анасы пластикалық ота жасатуға шешім қабылдайды.
Ауыр отаны Газиантеп университетінің ауруханасында Мехмет Мутаф есімді профессор жасады. Профессор жігіттің анасының қабырғасынан шеміршек тінін алып, құлақ жасаған.
Ота сәтті аяқталып, анасы мен баласының қуанышында шек жоқ. Ал, қабырғадан құлақ жасап салу отасы дәрігерлердің де алғашқы жемісі болып отыр.
stan.kz