Елімізде педофилдерге химиялық кастрация жасау жазасы қандай болмақ?
Елімізде педофилдерге химиялық кастрация жасау жазасы қандай болмақ?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жазасы қолданылады. ҚР ІІМ ӘПК ювеналды полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов мұндай жазаға сот пен медициналық ұйымдардың шешімі қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенті «Время» газетіне сілтеме жасап. 

«Препарат инъекция түрінде енгізіледі. Мұндай дәрі белгілі бір кезеңде педофилдің «құмарлығын» бәсеңдетеді. Ресми статистикаға сүйенсек, педофилдердің 70%-ы қылмысқа қайта барады. Германияда химиялық кастрация енгізілгеннен кейін педофилдер қылмысты қайта жасамағаны анықталып отыр. Бірінші қаңтардан бастап бізде де бұл норма қолданылады. Медициналық ұйымдармен бірлескен бұйрыққа қол қойылды», - деп хабарлады Әсет Оспанов ОКҚ пресс-конференциясында.

Еске сала кетейік, мұндай жазаны енгізу 2015 жылы көтерілген болатын. Парламент педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы Заң жобасын 2016 жылдың 17 наурызында қабылдады.

Назерке Абибулла

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 2883
0 пікір
Блог туралы