Еліміздегі ең ірі параны жемқорлықпен күресуге тиісті адамдар алатын болып шықты
Еліміздегі ең ірі параны жемқорлықпен күресуге тиісті адамдар алатын болып шықты

Еліміздегі мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық зерттеулер қызметінің қызметкерлері бизнесмендердің шаруаларын шешіп беру үшін олардан ақша талап етеді екен. Бұл туралы stan.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, кеден қызметкерлері мен өндіріс қауіпсіздігі саласында жұмыс істейтіндер де жемқорлыққа жиі жол береді. “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай ақпарат таратып отыр.

Сауалнама бойынша анықталғандай ең сараң мемлекеттік қызметкерлер Алматыда екен. Өздерінің заңсыз “көмектері” үшін экономикалық зерттеулер бөлімінің қызметкерлері орта есеппен 772 мың теңге сұрайды. Одан сәл төменде Астана орналасқан. 10-100 мың аралығында өңірлерде бюрократиялық мәселелердің түйіні шешіледі.

Аталған зерттеуге сәйкес салық, кеден, өртке қарсы күрес, экология, санитарлық-эпидемиялық сала қызметкерлері де жиі-жиі ақша талап етеді. Олармен бір қатарда транспорттық бақылау және өндіріс қауіпсіздігі саласының жұмысшылары да тұр.

Кәсіпкерлер әкімдік басқармалары тарапынан болатын бопсалау әрекеттеріне байланысты жиі шағымданады. Бүкіл ел бойынша мемлекеттік сатып алуларды бақылайтын шенеуніктердің сұрайтыны орта есеппен – 323 мың теңге. Жемқорлық тарифтері бойынша сәл төменіректе архитектура мен қала құрылысы басқармалары және жер қатынастары, мемлекеттік архитектура, құрылысты бақылау басқармалары тұр.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 жыл бұрын 2429
0 пікір
Блог туралы