АҚШ-тағы Бригама Янг университетінің ғалымдары жүгіру мен есте сақтау қабілетінің байланысын анықтады. Бұл тақырыптағы зерттеу жұмысы Neuroscience журналында жарияланған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың пікірінше, жүгіру созылмалы күйзелістің мидың жадыға жауапты бөлігі - гиппокампқа кері әсерін төмендетеді.
Зерттеушілер тышқандарға эксперимент жасап көрген. Кеміргіштердің бір тобы жүгіру дөңгелектерін 4 апта бойы пайдаланған (орташа есеппен күніне 5 км), ал тышқандардың басқа тобы баяу қозғалыста өмір сүрген. Әр топтың жартысы күйзеліске ұшыраған, мысалы, көтеріңкі платформада жүру немесе суық суда жүзу сияқты.
Барлық кеміргіштің есте сақтау қабілетін бақылау үшін оларды лабиринтке салған. Физиқалық жүктемесі бар күйзелістегі тышқандар жүгірмеген тышқандарға қарағанда жақсы нәтиже көрсеткен. Мұндай жағдай күйзеліске ұшырамаған белсенді тышқандарда да анықталды.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы қарашада Нью-Йорктегі Колумбия университетінің ғалымдары үнемі физикалық күш салу кезінде қатерлі деменцияны алу қаупін азайтуға болатындығы туралы қорытындыға келген болатын.