Ғалымдар қандай тағамдардың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады
Ғалымдар қандай тағамдардың бала көтеруге кедергі болатынын анықтады

Мамандар зерттеу жүргізіп, бедеулікке шалдықтыратын тағам түрлерін анықтады.

Ғалымдардың айтуынша, фастфуд пен майлы тамақтар әйелдің бедеу болуына себеп болады.

Зерттеу қорытындысы Human Reproduction журналында жарияланды. Зерттеуге 6 мың әйел қатысқан.

Оның мәнісі мынада, фастфудтың құрамындағы заттар аналық ұрықтың жұмысын өзгертіп жібереді. Май, қант пен тұз да жыныстық жүйеге кері әсер еткендіктен әйелдің бала көтеру мүмкіндігі азаяды.

Мамандар жеміс-жидектің де әйел денсаулығына әсерін анықтады. Күнделікті жеміс жейтін әйелдердің бедеу болу оқиғасы 4 пайызды құраса, жеміс жемейтін әйелдердің 12 пайыз жағдайда бедеу болатыны белгілі болды.

Ал, фастфудқа әуес емес әйелдер тез арада бала көтерген.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 жыл бұрын 3767
0 пікір
Блог туралы