Исламда мұсылман баласына қарғыс айтуға бола ма? ​
Исламда мұсылман баласына қарғыс айтуға бола ма? ​

Кей адамдар өштескен адамдарына қарғыс айтып жататындығы өмірде кездесетін жәйт. Көп адамдардың көкейінде сұрақ бар, Исламда мұсылман баласына қарғыс айтуға бола ма?

Таңдаулы хадис шәрифте бұл туралы:  «Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бетдұға(қарғыс)  етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады» деген екен.(Мүслим)  Ислам ғұламаларының осындай өситеттеріне қарап, қарғыс айтуға болмайтындығын көреміз. Қарғауға болмайтын себебі, қарғыстың қабыл болатындығында болса керек. Қарғыс айтпаудың басты себебі адамзат баласы кек қуыспай кешірімді болса деген өсиетте жатқандығын аңғарамыз.  

Алла Елшсі Мұхаммед пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өте кешірімді, мейрімді болғандығы жалпы адамзатқа үлгі.  Асыл Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  исламды насихаттау мақсатында Тайф қаласына барғанда Тайф халқы ардақты Пайғамбарымызды (с.ғ.с) таспен атып, қаладан қуатын оқиға бар. Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) сонда да сабыр сақтап, соларға қарғыс, лағнет айтпаған. Қайта , Ол (с.ғ.с) «Уа, Алла! Бұл қауымды тура жолға сала гөр. Мен бұлардан мүмін ұрпақ шығуын тілеймін», – деп дұға еткен екен. Кешірімділікпен, мейрімділіктің тамаша үлгісі осы болса керек. Негізсіз, жүйесіз қарғыс айту туралы:  «Бір адам лағынет айтқанда, лағынет айтылған адам бұған лайықты емес болса, бұл лағынеті өзіне қайтады» делінген. (Бәйһақи) Қазақта да «Иелі қарғыс иесін табады, жүйесіз қарғыс жүйесін табады» деп албаты лағнет айтпауды ескерткен.

Oinet.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 жыл бұрын 2618
0 пікір
Блог туралы