«Итбалық көрсе, ағашпен ұрып, тас атады». Каспийдің ластануы туралы фильм жарыққа шықты (видео)
«Итбалық көрсе, ағашпен ұрып, тас атады». Каспийдің ластануы туралы фильм жарыққа шықты (видео)

Жағадан табылған итбалықтардың өлекселері мен қалдықтарын есепке алу жүргізілді.

«Теңізшевройл» ЖШС бастамасымен Каспий итбалығының популяциясын сақтау» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы 16 қыркүйек пен 7 қазан аралығында «Гидробиология және экология институты» мекемесі мен «Эко Маңғыстау» ҰПУ жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша «Балық аулары мен қоқыстар теңізі» атты фильм түсірілді, деп хабарлайды Greenqazaqstan.kz.

Аталған фильмде Генеральская дача ауданындағы Түпқараған түбегінің жағалауында және Баутино, Форт-Шевченко, Қызыл Өзен кенттерінде теңіз қоқыстары және тасталған балық аулау торларын мониторингтеу, жинау нәтижелері ұсынылған. Қоқыс көп болды. Сондай-ақ, жұмыстарға «Куцкевич» ЖК және «EcoWasteAktau»ЖК қатысты.

«Алдыңғы жазбада итбалықтар аралын балық аулау торлары мен қоқыстардан тазартудың қаншалықты маңызды екені туралы айтқан едік. Ұсынылып отырған фильм ғылыми-зерттеу жұмыстарының және жуырда итбалықтардың мекеніне айналған аралдарда тасталған торларды жинау негізінде түсірілді. Қазір бұлардың барлығы жоқ. Мамандарымыздың көпшілігі бұл аралдарға бірінші рет барды. Подгорный аралына тоқтағанымызда бізді жағада жатқан бөтелке, сөмке және балық аулауға арналған торлар «қарсы алды». Көп ұзамай жиналған теңіз қоқыстарын тонналап шығардық», — делінген «Каспий итбалығын сақтайық» хабарламасында.

Мұнымен қатар, мамандар жағалаудан және су айдынынан гидробиологиялық сынамаларды жинады. Жағадан табылған итбалықтардың өлекселері мен қалдықтарын есепке алу жүргізілді.

Зертханалық талдау нәтижесінде пластиктің теңізді ластап қана қоймай, оны мекендейтін тіршілік иелерінің ішіне дейін кіретінін көрсетті.

«Каспий теңізіне тасталған балық аулары сондағы итбалықтардың өмірі үшін аса қауіпті. Жыл сайын мыңдаған итбалық ауға шырмалып өледі. Аулар Каспий итбалығының басты қиындарының бірі. Сонда бұл аулар қанша? Түпқарағаннан теңіздің көркем табиғатын тамашалауға болады. Бір кездері кемелер мен қайықтар итбалық аулау үшін осы жерден шығатын. Енді оның шетіне Баутино үлкен порты орналасты. (…). Кейбір адам бұл сирек жануарды көрген кезде оны таяқпен ұрып, тас атады. Оны қалай қорғай аламыз?» — дейді видеодағы дауыс.

Еске салсақ, құтқарылған итбалық төлінің қайта теңізге жіберілгені туралы хабарлаған едік. Куәгерлердің айтуынша, ол сол жерде екі күн болған.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 жыл бұрын 2280
0 пікір
Блог туралы