Жүкті қуыршақ: мұндай жарнама баланың психикасына теріс әсер етеді
Жүкті қуыршақ: мұндай жарнама баланың психикасына теріс әсер етеді

Алматы қаласының «Радуга детсва» дүкенінде жүкті қуыршақтар сатылып жатыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Ең сорақысы қуыршақтың іші ашылады, ал ішінде бөпе бар екен. Аталған дүкеннің инстаграм парақшасында бұл қуыршақтың бағасы 3115 теңге деп көрсетілген. Осыған ұқсас балаларға арналған ойыншықтар дүкендерде көп сатылуда. Бұл баланың психологиясына зиянын тигізбей қоймайды. Бұл тауарды жарнамалаудың бір тәсілі екені белгілі. Алайда тауардың сатылымын жақсартамыз деп, есін толық біле қоймайтын балалардың психологиясына зиян тигізіп жатырған жоқпыз ба? Бұл тауардың нарықты жаулай бастағанына қарағанда, тұтынушы саны да аз емес секілді. Бірақ, кейбір тұрғындардың айтуы бойынша, олардың істеп жатырған іс-әрекеттері шектен шығу. Олар осындай ойыншықтар арқылы баланың санасын улайды деп пікір білдіруде.

Шолушы: Әсел Өтешова

http://qamshy.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 жыл бұрын 3732
0 пікір
Блог туралы