Көк шай адам ағзасына қалай әсер етеді
Көк шай адам ағзасына қалай әсер етеді

Көк шай ішкен дұрыс, өйткені ол суық мезгілде денені жақсы жылытып, ыстықта шөлді қандырады. Ал дұрыс дайындалған сусын аурулармен күресуге көмектеседі. Бірақ, көк шайдың ағзаға қалай әсер ететінін білген маңызды. Соған орай Stan.kz көк шайдың құрамындағы заттардың пайдасы мен зияны және хош иісті сусынды қай кезде ішуге болатыны, сондай-ақ қандай жағдайда одан бас тарту керек және шай жапырақтарын қалай дұрыс әзірлеу керектігі жайлы мәлімет ұсынады.

Көк шай дегеніміз не?

Көк шай - Қытай, Жапония, Үндістан мен Ява аралында өндіріс қажеттіліктері үшін өсірілетін мәңгі жасыл ағаш бұталарының кептірілген жапырақтары. Ал жас жапырақтар – сопақша тәрізді формада болады. Бір қызығы, көк және қара шайды алу үшін бірдей шикізат қолданылады, бірақ оларды өндіру технологиясында айырмашылық бар. Кептірілген қара жапырақтар жақсы ферменттеуден кейін алынады.

Көк шайды өндіру нәзік технологияларды қолданумен ерекшеленеді. Тотығу процестерін тоқтатуға жаңа піскен жапырақтарды 2-3 минутта өңдейтін бу көмектеседі. Содан кейін оның дымқылдығын алып, кептіреді. Яғни, мылжалап, түйіршіктерді қабықшаға ширатады. Сосын өнім хош иісін, дәмін және пайдалы қасиеттерін тұрақты сақтауы үшін, оны дайын болғанша кептіреді.

Құрамы

Көк шайды өңдеуде арнайы технологияны пайдалану химиялық құрамның алуан түрлерімен ерекшеленетін сапалы шай өнімін алуға мүмкіндік береді:

1.    Органикалық қосылыстардың арасында шайдың дәміне әсер ететін илік заттектер бар. Шайдың хош иісті болу себебі эфир майларымен үйлесуінде. Ол алколоидердің, катехиндер, аминоқышқылдардың саусылығына жағымды әсер етеді.
2.    Көк шайдың құрамындағы кальций, темір, калий, мырыш, фтор, фосфор, йод және мыс секілді пайдалы микроэлементтер өмірлік процестерге оң әсер етеді.
3.    Шай жапырақтары зат алмасу процестерін жақсартатын A, C, E, K, P дәрумендеріне бай.

Көк шайдың пайдасы

Көк шайдың құрамында көптеген пайдалы компоненттер болғандықтан бұл бірегей сусын ағзаға жақсы әсер етеді:

1.    Асқорыту процесін ынталандырады.

2.    Құрамында фтордың болуына байланысты тісжегінің қалыптасуына қарсы күресте профилактикалық құралдың рөлін атқарады.

3.    Көк шай емдік дәрі-дәрмектік әсер береді. Оның құрамында танин, катехин және илік заттектер болғандықтан, ол қатерлі ісік ауруларымен күресуде тамаша антиоксидант болып табылады. Олар шеттегі ақуыздарды, ауыр металдар мен еркін радикалдарды байланыстырады және оларды сау жасушаларға зақым келтірмей, ағзадан шығарып тастайды. Оның құрамындағы С витамині мен мырыш қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупін азайтады.

4.    Құрамындағы мырыштың арқасында шаш пен тырнақтың жағдайын жақсартып, жаралардың  жазылу үдерісін тездетеді.

5.    Нерв жүйесін ынталандырады. Сондай-ақ, көк шайдың құрамындағы Р дәрумені мен кальций, фосфор қалыпты ми қызметінің белсенділігі үшін қажет, ал теин ынталандырушы ретінде қызмет етеді.

6.    Көк шайда  адамның жұмысқа қабілеттілігін жақсартатын кофеин (теин) бар. Кофеин  алкалоиді шай танинімен байланыстырылған күйде болатындықтан ағзаға ынталандырушы әсер етеді, бірақ ол кофеинге қарағанда жұмсақ болады.

7.    Құрамында йодтың болуына байланысты қалқанша безі ауруларына шалдығу қаупін азайтады.

8.    Микробқа қарсы әсері бар. Бұл қасиет құрамындағы катализаторларға байланысты болады. Көк шайдағы танин жараларды емдеуге көмектеседі, бірақ шайдың түсі ашық болуы керек.

9.    Ағзадағы уытты заттарды шығарады. Тазарту қасиеттерінің арқасында көк шай ағзаның иммунитетін жақсартады және кез-келген ауруға шалдығу қаупін азайтады.

10.    Несеп айдағыш әсер көрсетіп, тіннің ісінуін азайтады.

11.    Құрамындағы А және С дәрумендерінің арқасында көз ауруларының даму қаупін төмендетеді.

12.    Тегіс бұлшықетті қалыпты жағдайда ұстайды. Бұл қасиет оның құрамында мырыштың болуына байланысты болады.

13.    Мыстың арқасында қабыну процестерін емдеуді жеңілдетеді.
14.    Токсикоз және теңіз ауруы кезінде көмектеседі. Мұндай жағдайларда құрғақ жапырақты шайнауға кеңес беріледі.

15.    Асқазанның қышқылдығын көтеріп, асқазан-ішек жолдарының қызметін ынталандырады.

Әйелдерге

Көк шай ұзақ өмір сүру сусыны деп есептеледі. Көк шайдың әйелдерге пайдасы:

1.    Көк шайдың немесе мұздатылған жасыл шай сіріндісі негізінде жасалған маскалар бет терісін жақсы сергітіп, оның серпінділігін арттырады және бет пішінін тартып, тегістейді.

2.    Зат алмасу процестерін ынталандыру және ағзаны тазарту құралы ретінде асқорыту жолының қызметін жақсартып, салмақ тастауға ықпал етеді.

3.    Сусын әйелдердің климактерийлік кезеңде жалпы жағдайын жақсартуға қабілетті. Оны сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күресте профилактикалық құрал ретінде пайдалануға болады.

Ерлерге

Көк шай ер адамдарға несімен пайдалы? Көк шайдың құрамында жыныс жүйесінің және тірек-қимыл аппаратының қалыпты жұмыс істеуіне көмектесетін марганец бар, оның қатысуымен тестостерон гормоны өндіріледі.

Шайды қоюлап ішу кезінде кофеиннің ынталандырушы әсері ағзаның стреске қарсы жұмыс істеу қабілеттілігі мен төзімділігін арттыруға көмектеседі. Ал құрамындағы антиоксиданттар көк шайды қан қысымын қалыпқа келтіру, простата қатерлі ісігінің алдын алуда бағалы емдік құрал жасайды.

Бауырға

Сусынның тазалағыш қасиеті болғандықтан, оны қалыпты нормада ішу бауыр мен өт қабының жұмысына пайдалы болмақ. Олардың белсенділігін жақсартуға Р және С витаминдері көмектеседі. Бірақ, бұл өнімнің құрамында полифенол бар екенін ұмытпаған жөн. Егер, көк шайды шамадан тыс ішсеңіз, бұл заттардың көп мөлшері бауырға зиян болуы мүмкін. 

Бүйрекке

Көк шай ағзаға пайдалы болу үшін шай жапырақтарын дұрыс қайнатып, сусынды дұрыс қолдану керек. Ол токсиндердің адсорбенті ретінде әрекет етеді. Бұл оларды ағзадан шығарып тастап, бүйректі тазартуға көмектеседі.

Қан тамырларына

Сусынды дұрыс пайдаланса жүрек-тамыр жүйесінің жағдайы жақсарады. Көк шайдың осы пайдалы қасиеттері келесі процестер арқылы жүзеге асырылады:

-    С витамині қанды сұйылтып, оның тамырлармен жүруін жеңілдетеді және қысымды төмендетеді.
-    Калий жүрек бұлшықетін қатайтады.
-    Р дәрумені қан тамырларының сергектігін көтереді, илік заттар оларды нығайтады. Антиоксиданттар зат алмасу процестерін ынталандырады және қылтамырларда зиянды холестериндердің жиналуына қарсы тұрады. Осы процестердің бәрі қан қысымын қалыпқа келтіреді, сондықтан да бір шыныаяқ көк шай ішу жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Сүт қосылған көк шай пайдалы ма

Сүт қосылған көк шай ішу ағзаға пайдалы деген – қайшы пікір. Шайға сүт қосып ішу, ағзаға сүттің қоректік заттарын сіңіруге көмектеседі деп саналады. Осындай әдіспен жасалған сусынды орталық жүйке жүйесі жұқарған жағдайда және бала емізетін әйелдерге сүттің шығуын жақсарту үшін ішсе болады. Дегенмен, сүт шай антиоксиданттарының жағымды әсерін бейтараптандырады деген пікір де бар.

Көк шайды қаншалықты жиі ішуге болады

Көк шайдың ағзаға пайдасы мен зияны өнімнің сапасына, қайнату әдісі мен қолдану жиілігіне байланысты. Сондықтан, сусынды ішкеннен әсер алу үшін келесі шарттарды сақтау қажет:

-    Жаңа және жоғары сапалы өнім сатып алыңыз;
-    Шай жапырақтарын 60-90 градусқа дейін қыздырылған таза сумен дайындау керек;
-    Шайды аш қарынға және кешке ішпеңіз;
-    Көк шайды алкогольмен біріктірмеңіз;
-    Дәріні көк шаймен ішуге болмайды;
-    Тым қою немесе ыстық қылып ішпеңіз.

Көк шайдың зияны

Көк шай қалыпты нормада пайдалану кезінде ғана пайдалы болады. Есіңізде болсын:

1.    Сусынның қоздырушы әсері бар екенін естен шығармаңыз. Және ол жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде зиян болуы мүмкін. Сондықтан қан қысымын жоғарылатып, жүрек ырғағын өлшеп тұру керек.

2.    Сондай-ақ, көк шайды шамадан тыс ішу сүйек тығыздығының төмендеуіне және сүйектердің тез сынуына әкеп соғады.

Қарсы көрсеткіштер

Хош иісті сусынды ішуге құмар адамдар қою шайды қолдануда қарсы көрсеткіштер бар екенін білуі керек:
-    тітіркену, ұйқысыздық;
-    тахикардия;
-    созылмалы бүйрек және бауыр аурулары;
-    асқазан аурулары (қышқылдықтың көтерілуі);
-    өткір кезеңдегі ішек жарасы;
-    атеросклероз, гипертензия;
-    жүктілік кезеңінде қарсы әсер беруі мүмкін.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 жыл бұрын 2993
0 пікір
Блог туралы