"Консервілер өліктен жасалады": Ет комбинатындағы өлі жануарлар қазақстандықтардың ашуына тиді (видео)
"Консервілер өліктен жасалады": Ет комбинатындағы өлі жануарлар қазақстандықтардың ашуына тиді (видео)

Оралдағы ет комбинатының дәлізінде жатқан өлі жануарларды видеосы қазақстандықтарды ашуландырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Әлеуметтік желілерде ірі ет өңдеу кешенінің аумағында түсірілген видео таратылуда. Кадрларда өлі жануарлардың қаңқалары комбинат еденінде қалай жатқанын көруге болады. Роликті түсірген автор қаңқалар кесіліп, консерві жасау үшін пайдаланылады деп айтады. 

"Достар, мен сіздерге бір нәрсе көрсеткім келеді. Мен "Кублиге" (консервіленген өнімдер шығаратын компания - ред.) келдім. Бұқтырылған консервілерді жемеңіздер. Оны неден жасайтынын көріңіздер. Жануарлардың қанша күн бұрын қайтыс болғанын қараңыз. Енді оларды сойып, бұқтырылған консервіге айналдырады", - дейді видео авторы жерде жатқан өлі жануарларды көрсетіп.

Алайда, біраз уақыттан кейін ер адам жаңа бейнені түсіріп, сөздері үшін кешірім сұрады.

"Бейнежазбаны қателікпен түсірдім. "Кублей" компаниясының директорынан кешірім сұраймын. Өлген жануарлар қайта өңдеуге жіберіледі. Мен жүк артуға келгем. Еденде жатқан өлі жануарларды көрдім де оларды телефоныма түсірдім. Қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мұнда өлі жануарлардың қаңқалары өртеледі", - дейді өзін Аружан Ерегешов деп таныстырған ер адам.

Кейінірек компанияның өзі де болған жағдайға түсініктеме берді. Мұнда екі роликтің ет өңдеу кешенінің аумағында түсірілгені расталды.

"Ет комбинатының аумағында мал сою жұмыстары жүргізілуде. Жарамсыз шикізатты кәдеге жаратуға арналған крематорлық пеш бар. Өкінішке орай, малды ұзақ уақыт тасымалдау кезінде кейде жануарлар механикалық асфиксияға байланысты өледі. Осыған байланысты аталған жануарлардың өлекселері кәдеге жаратуға жіберілді. Ветеринариялық дәрігерлер ҚР заңнамасына сәйкес акт жасайды. Дәл осындай жануарларды жүргізуші алып кеткен", - деп атап өтті компанияның заң бөлімінің басшысы Гүлфия Қалиева.

Кәсіпорында жүргізушінің айтқандары дұрыс емес екенін атап өтті. Ешқандай жағдайда жарамсыз шикізат өндіріс үшін пайдаланылмайды. Шикізат пен дайын өнім зертханалық зерттеулерден өтеді, талдауды мемлекеттік органдар тексереді.

"Жүргізушінің жеке басы анықталды. Оған бәрі түсіндіріліп, көпшілік алдында кешірім сұрады. Бұл әрекет үшін жүргізуші заң бойынша жауап береді. Біз құқық қорғау органдары мен сотқа жүгіндік, себебі кәсіпорынның беделіне нұқсан келді", - деп қосты компания.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 жыл бұрын 1808
0 пікір
Блог туралы