Күннің бетінде саңылау пайда болды
Күннің бетінде саңылау пайда болды

Күнде тәж формасындағы үш саңылау пайда болды. Ол тесіктердің аймағында плазманың температурасы мен тығыздығы бірнеше ондаған рет азаюы мүмкін. Бұл феномен Жердің магнит өрісін әлсіз өзгерістерге алып келеді деген болжам бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Тәж формасындағы саңылаулар әдетте күн белсенділігі минималды болған кезде пайда болады. Олар бітеу магниттік сызықтардың сәулелерінің ашылуымен байланысты. Нәтижесінде плазма тәж күйінде емес, иондалған бөлшектердің ағыны болып күн сәулесіндегі желге айналады. Егер жел Жерге бағытталған болса, онда геомагниттік дауыл пайда болуы мүмкін.

Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеу басқармасы (NOAA) геомагниттік дауылдың ықтимал қуатын G индексінің 5 балдық шкаласында - бір баллмен бағалады.

Бір балл деген қуат кернеуіндегі шамалы ауытқуды және спутниктік байланыс жүйелерінде елеусіз кедергі болатынын білдіреді.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3054
0 пікір
Блог туралы