Сымбатты әрі тартымды көріну үшін артық майдан арылу қажет екені бәріне белгілі. Ол үшін қажыр-қайрат, физикалық белсенділік қажет. деп хабарлайды Stan.kz.
Алайда ғылым бір орында тұрып қалмай, үздіксіз даму үстінде. Ғалымдар артық майдан арылудың түрлі әдістері мен жолдарын қарастырып жатыр. Бұл ретте мамандар артық салмақпен күресу жолдарының бірі майды жоятын тағамдарды тұтыну екенін мойындады.
1. Сүт өнімдері. Сүт өнімдері (сүттен басқа) ағзада кальцитриол гаромнының көлемін арттырады. Өз кезегінде бұл гармон жасушалардың майды жоюына әсер етеді. Йогурт, айран, сұзбе сынды өнімдер артық салмақтан арылуға көмектесіп, ағзаға жиналатын май көлемін азайтуға ықпал етеді.
2. Зімбір. Зімбір асқазандағы қан айналымының және қорытуын жақсартуға көмектеседі. Осылайша организмдегі зат алмасу процесін жылдамдатады. Сондай-ақ, құрамында көп мөлшерде кездесетін эфир майларының май жасушаларының жойылуына ықпалы бар.
3. Қырыққабат. Қырыққабат – артық салмақпен күресуге арналған таптырмас өнім. Ол организмді артық заттардан тазартады. Сондай-ақ, ол құнарлылығы төмен өнім болғандықтан, қырыққабатты күнделікті ас мәзірінде қолдануға болады.
4. Даршын. Бұл дәмдеуіш артық салмақпен күресу әдістерінде енді ғана қолданыс таба бастады. Алайда өзінің тиімділігі мен артық майды жоятын қасиетін бірден аңғартты. Даршын қандағы қант мөлшерін азайтып, майдың жиналуына баяулатады.
5. Грейпфрут. Грейпфрут емдәмі өз тіимділігін дәлелдеп үлгерді. Скриппс клиникасының зерттеушілері 12 аптай бойы грейпфрут жеген адамдардың кемінде 1,5 килограмм салмақ тастағанын байқаған. Бұл цитрусты жеміс өзінің химиялық қасиеті арқылы инсулиннің мөлшерін азайтып, артық салмақтан арылуға көмектеседі.
6. Көк шай. Артық майды жоятын бірден-бір өнім – көк шай. Оның организмдегі зат алмасу процесін жылдамдатып, артық салмақтан арылуға көмектесетіні зерттеулерде дәлелденді. Сондай-ақ, көк шай көңіл-күйді көтередә әрі канцерогенге қарсы қасиетке ие. Ол тері астындағы майларды ғана емес, сонымен қатар висцералдық, яғни ішкі майларды да жояды.
7. Су. Су артық салмақтан арылу процесін жылдамдатады. Неміс ғалымдары күніне 500 мл су ішкен адамдардың организмдегі калорияны жою жылдамдығы 30 пайызға артатынын анықтаған. Сонымен қатар су организмді тұз бен улы заттардан тазартады.
8. Таңқурай. Таңқурайдың құрамында жеміс энзимдері бар. Өз кезегінде энзимдері майлардың ыдырауына ықпал етеді. Сондай-ақ, бұл жидек зат алмасу процесін жылдамдатады.
9. Ақжелкек. Ақжелкектің тамырында кездесетін ферменттер майдың ыдырауына әсер етеді. Сондықан ет және балықтан жасалған тағамдарға ақжелкек қосқан дұрыс.
10. Алма мен алмұрт. Күніне кішірек 3 ама мен алмұрт жеген әйелдер емдәм кезінде жемістен бас тартқандарға қарағанда көп салмақ жоғалтқан. Рио-де-Жанейроның мемлекеттік университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген. Сондықтан емдәм ұстанған кезіңізде құрамында жасұнық көп кездесетін осы жемістерді таңдағаныңыз жөн.