МАШЫРАП ӘУЛИЕ ( р.ғ.)
МАШЫРАП ӘУЛИЕ ( р.ғ.)

Бірде Хазіреті Машырап (р.ғ) әулие ел аралап келе жатып, Хазіреті қожа Убайдулла Ахрар Уәли(р.ғ) дің еліне келеді. Қалаға жақындағанда, үйір - үйір жылқыларды көреді. Мына жылқылар кімдікі?- деп сұрайды. Хазіреті Ахрар Уәлидікі дейді. Ары қарай тағы жүре келе, ұшы қиыры жоқ түйелерге кезігеді. Түйелер кімдікі? -деп сұрайды. Қожа Ахрар Уәлидікі дейді. Одан да ары өте бере атар - атар қойларды, сосын сиырларды көріп кімдікі? -дегенде, Хазіреті қожа Ахрар Уәлидікі(р.ғ) дейді. Машырап қожа ренжіп, астындағы жалғыз ешегіне, сен менің қасымда неғып жүрсің, бар сен де Ахрар Уәлидікі бол деп босатып жібереді. Сөйтіп ренжіп, бұл Ахрар Уәлидің бұнысы несі, Өзі сопылардың пірі бола тұрып, сонша дүние жинағаны несі. Онысы дұрыс емес, тәркі дүние деген болмайдыма екен, Мен онысын барып бетіне айтайын деп, жайау келе жатып, арыққа кезігеді. Ышқырына орап қойған екі теңгесі бар екен, арықтан секіргенде түсіп қалмасын деп, аузымен тістеп арықтан секіреді. Өткен соң ышқырына қайта орап қойады. Кейін Хазіреті Ишанның үйіне барады. Хазіреті Ишан(р.ғ) Өзі алдынан шығып құрметпен күтіп алып, мал сойып қонақ қылады. Бір кезде Хазіреті Машырап(р.ғ) шыдай алмай, сонша дүние жинағаныңыз не? Өзіңіз мурит тәрбиелеп отырсыз, атыңызға сын емес ба?- дейді. Сонда Хазіреті Қожа Убайдулла Ахрар Уәли( р.ғ), дүниені беруші Алла. Ол мал дүниенің барына да, жоғына да біздің жүрегіміз ауырмайды. Ол дүниені біз боқ деп қараймыз, боқты біреулер құсап арықтан секіргенде, аузымызға салмаймыз деген екен. Машырап әулие, екі дирхамды жоғалтып алмайын деп аузыма салдым, мына дүниенің барлығы меніңкі болса, не істер едім, нәпсі қалауын істеп жүрген Ол емес, Мен екенмін деп, Хазіреті Ишаннан( р.ғ) кешірім сұрап, тәубә жаңартқан екен. Нәпсісін тәрбиелеген инсан, бар мал дүниесін, бала - шағасын, Жан дүниесін, Алла жолына арнайды. Ал нәпсі құмар, айтпаса да түсінікті....

Мухаммедхан Билялов

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 4124
0 пікір
Блог туралы