Неліктен өз қан тобыңызды білуіңіз керек?
Неліктен өз қан тобыңызды білуіңіз керек?

Қан тобы эритроциттер бетінде ерекше антигендердің болуымен немесе болмауымен анықталады; ол өмір бойы өзгермейді, өйткені эритроциттердің антигендік құрамы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасады.

Қан сұйық бөлік - плазма мен пішінді элементтерден (эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер) тұрады, эритроциттер бетінде антигендер болады, олардың бар болуы қан топтарына бөлінуді анықтайды.

Қазіргі уақытта қан тобын анықтау үшін АВО жүйесін қолданады. Бұл жүйе бойынша қан топтары O (I), A (II), B (III) және AB (IV) болып бөлінеді, демек

 

•    I қан тобының иелерінде эритроциттің бетінде ерекше антигендер болмайды, ал қан плазмасында α және β антиденелері анықталады, 
•    II қан тобының иелерінде эритроциттер бетінде А-антиген, ал плазмада β- антиденелер анықталады, 
•    IIІ қан тобының иелерінде эритроциттер бетінде В-антиген, ал плазмада α- антиденелер анықталады, 
•    IV қан тобының иелерінде А және В антигендер болып, ал плазмада антиденелер анықталмайды.

Ең көп таралған қан тобы бірінші және халықтың шамамен 40% -ында кездеседі, келесі орында екінші, содан кейін үшінші. Резус-факторы теріс адамдар резус-факторы оң адамдарға қарағанда 5 есе аз кездеседі. Ең сирек - AB (IV) Rh - теріс қан тобы, ол халықтың шамамен 0,4 - 0,6% -ында ғана кездеседі.

Қан топтарының төрт түрі анықталғанға дейін бір адамнан екіншісіне қан құю қауіпті процедура болған, тек 50% жағдайда ол қажетті нәтиже беріп, ал басқаларында бұл денсаулық жағдайының елеулі түрде нашарлауы мен өлімге әкеліп отырған. Қанның барлық түрлерін бір-бірімен араластыруға болмайтындығы белгілі болды: мысалы, әмбебап донор ретіндегі бірінші топ бәріне жарамды, ал екінші топ - төртінші немесе екінші топты адамға ғана келеді. Төртінші қан тобын тек өзі сияқты қан тобы иесіне құюға болады, бірақ бұл әмбебап қабылдаушы (реципиент) болып табылады.

Жүктілік кезінде қан құюмен салыстырғанда әртүрлі қан топтары арасындағы келіспеушіліктер сирек кездеседі. Осыған қарамастан, мұндай жағдай орын алуы әбден мүмкін. Егер анасында бірінші қан тобы болса, ал әкесінде біріншіден басқа топтың бірі болса, онда асқынулар болуы мүмкін. Бұл жағдайда әйел адамға антиденелерді тексеріп, жүктілік кезінде дәрігердің бақылауында болған жөн.

Қан тобымен әрдайым резус-фактор сияқты көрсеткіш қатар жүреді: бұл эритроциттер бетінде белгілі бір заттардың бар немесе жоқ екенін білдіреді. Барлық адамдардың 85% -ы оң резус-факторлы, қалғандары теріс. Резус-факторды білу баланы жоспарлау үшін маңызды, ана мен бала қан топтарының сәйкес келмеуінен гөрі резусы сәйкес келмесе, келіспеушіліктер жиі кездеседі. Егер анасы мен әкесі теріс резусқа ие болса, онда жағымсыз салдар болмайды: балада оң резус-факторды анықтайтын антиденелер болмайды. Бірақ егер әйел адам теріс резус-факторлы, ал ер адам оң болса, онда балада анасында жоқ антиденелердің пайда болу ықтималдығы жоғары. Оның ағзасы баланы бөтен зат ретінде қабылдайды, бұл жаңа туылған нәрестеде гемолитикалық сарғаюдың пайда болуына әкеледі. Жүктілікті жоспарламас бұрын резус-фактор келіспеушілігінің дамуына жол бермейтін арнайы антиденелерді қабылдауды бастау үшін осындай жағдай туралы алдын-ала білген жөн.

stan.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 жыл бұрын 1987
0 пікір
Блог туралы