Өз атыңыздан заңсыз несие ашылғанын білсеңіз не істеу керек?
Өз атыңыздан заңсыз несие ашылғанын білсеңіз не істеу керек?

Жеке куәлігіңізді жоғалту миллион долларлық қарызға әкелуі мүмкін. Жасанды құжат жасау арқылы алаяқтардың күдік туғызбайтын азаматтар атынан несие алуы жиілеген. Соңғы кездері бұндай жағдайдың көбейгенін айтып полиция қызметкерлері дабыл қағуда. Алматыда дәл осы фактімен өткен жылдың өзінде ондаған топтың көзі жойылған еді. Жеке басыңыздың құжаттарын қалай қорғауға болады? Сіздің атыңыздан басқа біреулер қарыз алса не істеу керек? Осы сұрақтарға Еуразия біріншіарнасына сілтеп Stan.kz жауап береді.

Жалған құжатпен несие алумен айналысты деген күдікпен өткен жылы Алматыда 100-ден аса адам ұсталған еді. Оның үшеуі банк қызметкері болып шыққан.
"Бұндай қылмыстық істер өзіңіздің жеке басыңызға қатысты құпия ақпаратты үшінші біреудің біліп қоюынан болады. Кейде жеке куәлігіңізді жоғалтқанда, ұрлақанда үшінші адам оны өз пайдасына асырады. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтамағандықтан осындай қылмыстар орын алады",-деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзімбек.

Жеке куәлік ұрлатсаңыз

Банктер жеке басты куәландыратын құжаттарды тексерудің тағы басқа жолдарын қарастырып жатыр. Жалған құжат жасаудың қыр-сырын игерген алаяқтар көп жағдайда құжаттарға немқұрайлы қарайтын, сауатсыз адамдарды құрығына іледі.

"Өкінішке орай, Қазақстанда құжаттарды қорғау соншалықты қолға алынбаған. Нақтырақ айтқанда құжаттар емес, техниканың қарқынды дамуы себеп. Бүгінде сіз туралы барлық ақпаратты бір жерден көшіріп алу немесе іздеп тауып алу оңайдың оңайы",-дейді Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының директоры Константин Пак.

жеке куәлік ұрлатсаңыз

Алаяқтар, әдетте, ұсақ несие алудан бастайды.Өйткені, сумма аз болған сайын оны тексеруде аз болады. Көп суммадағы несие алу олар үшін артық мәселе туғызары сөзсіз. Өз атыңыздан несие алынғанын білген бойда полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.

"Заңсыз іс орын алғанын білсеңіз, жәбірленуші ретінде құзырлы органдарға арыздана аласыз. Алаяқтарға алданғаныңызды айтсаңыз, құқық қорғау қызметкерлері құжатты кім жасағаны, қолды кім қойғаны туралы анықтап және камералар арқылы іздестіру жұмыстарын бастап кетеді.",- дейді заңгер Станислав Лопатин.

Құжаттарыңызды жоғалттыңыз ба, дереу ХҚКО-на барыңыз. Өз атыңызға заңсыз несие алынғанын білсеңіз, дереу арыз жазыңыз. Заңгерлер бұндай жағдайда тек қана уақытты созып алмауды ескертіп отыр.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
5 жыл бұрын 2241
0 пікір
Блог туралы