Патриархтың киімі
Патриархтың киімі

Евгений Примаков Ресей үкіметінің басшысы боп тұрған кезінде орыс православия шіркеуінің дінбасы патриарх Алексимен кездесіпті. Патриарх осыншалық маңызды кездесуге барынша жасанып, дінбасылар ғана киетін "омофор" деп аталатын салтанатты діни киімін киіп келеді.

Кездесу еркін форматта өрбіп, сөз арасында Примаков патриархтан шіркеу қызметкерлерінің киім үлгісі жөнінде бірер сұрақ қояды. Алексий әкей мәселенің маңызын тәптіштей түсіндіре келе, үстіндегі діни киімнің бірнеше ғасырдан бері орыс православиялық шіркеуінің дінбасылары тек аса маңызды шараларда ғана киетін салтанатты киім екенін айтып өтеді.

- Кешіріңіз, әулие әкей! Мына киімдегі жазуды бұған дейін ешкім оқып көруге тырыспады ма? - деп сұрайды, Примаков.

- О не дегеніңіз?! Бұл ешқандай да жазу емес, әншейін өрнек қана! - деп таңдана жауап қатады, патриарх.

- Бұл киім парша деп аталатын матадан тігілген, ал, бұл парша Шамнан алынған.., өйткені, ең жақсы парша тек Шам жерінде дайындалады. Ғасырлар бойы орыс православиялық шіркеуі ең жақсы паршаны сол жақтан арнайы тапсырыспен алумен келеді және бұл киімдегі өрнек - арабша жазу! - дейді де, оқып береді, араб тілінің маманы Примаков мырза.

Бірнеше ғасыр бойы орыс шіркеуінің дінбасылары тек маңызды шараларға киіп келген салтанатты киімде «Лә илләһа иллә Аллаһ, Мухаммад-ән Расул Аллаһ» деп жазылған екен...

Үкімет басшысымен болған кездесуден орыс патриархы мең-зең боп қайтқан деседі, сол оқиғаның куәгерлері...

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
5 жыл бұрын 3102
0 пікір
Блог туралы