Өзі білмеген нәрсеге құмарту – адамзаттың қанында ежелден бар әдет. Мәселен, барлық адамды Нью-Йорктің көлеміндей (1 мың шаршы метр) болатын аумаққа жинадық делік. Ал әрі қарай не болады?
1 адамның салмағы орта есеппен – 60 келі. Ал жер бетінде 7,5 млрд адам бар. Сонда жалпы салмақ – 450 миллион тонна болмақ. Ал жердің салмағы – 6 секстиллион тонна. Яғни, 6 000 000 000 000 000 000 000 т.
Сонда барлық адамның салмағы жердің салмағының шамамен 0,000000000000001 пайызын құрайды. Сонда планета масштабы бойынша алып қарайтын болсақ біз соншалықты көп емеспіз. Физик Ретт Алленнің зерттеуінше, біздің секірісімізден туындаған энергия жердің астаң-кестеңін шығаруға тіпті де жеткіліксіз екен. Бірақ…
Миллиардтаған аяқтан шыққан соққының дауысынан гуіл тұрып, ол бірнеше секундқа созылады.
Біз бәрібір планетаны жылжытамыз. Небәрі 0,25 нанометрге ғана. Бұл әлемдегі ең кішкентай атомның жартысындай ғана. Бұл өзгеріс мүлде білінбей де қалады және жер өзінің қалпына қайта келіп үлгереді.
Алайда астрофизик Пол Саттер мен физик Марк Бослоудың ойынша адамдардың секірісінен туындаған дыбыс көлемі 200 децибилге жетіп, ол адамдардың дыбыс жарғағын жарып, тіпті өлтіріп жіберуі мүмкін.
Ал секіріс соққысынан туындаған толқын магнитудасы 4-5 балл болатын жер сілкінісіне ұрындырып, ғимараттарды қиратып, цунамиді оятуы ықтимал.
Қайсысының дұрыс екенін қайдам, бірақ біріншісі шындыққа жақын секілді.
Ғалымдардың есептеуінше 2011 жылы Жапонияда болған аса қатты жер сілкінісінен кейін жер бірнеше сантиметрге жылжып кетіп, нәтижесінде күн миллиондаған доль секундқа қысқарған.
stan.kz