Пластиктен жасалған ыдыстың денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені белгілі болды
Пластиктен жасалған ыдыстың денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені белгілі болды

Пластиктен жасалған ыдыс онкологиялық аурулардың пайда болуына алып келеді. Көптеген елдердің ғалымдары дәл осындай тұжырымға келіпті. Олардың пікірінше, мұндай ыдыста қысқатолқынды пеште тамақ жылыту түгілі, асты тоңазытқышта сақтауға да болмайды екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айгүл Мәлікова пластиктен жасалған ыдысты қолданудан бас тартқан. Ол тағамды полтэтилен пакет пен пластиктен жасалған ыдыста сақтамайды.

«Пластиктен жасалған өнімдердің жартысының көбінің құрамында бисфенол бар. Дәл осы зат канцерогенді болып табылады», – дейді Қарағанды қаласының  тұрғыны Айгүл Мәлікова.

Эколог мамандығы бойынша білім алған Айгүл Мәлікова мұндай мәліметті интернет пен әлеуметтік желілердегі түрлі хабарламалардан алыпты. Онда АҚШ-тың ғалымдары, тіпті, тағам сақтауға арналған пластик ыдыстардың құрамында улы қосылыстар бар екенін дәлелдеген-мыс. Ыдыс қызығанды немесе ыстық тамақпен байланысқа түскенде улы заттар бөлініп, онкологиялық ауруларға алып келеді екен. Бұл пластиктен жасалған терезе мен жиһаздарға да қатысты.

Ал қазақстандық онколог мамандар бұл ақпаратты жоққа шығарарын не растарын білмей отыр. Бізде мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Ал адам бойында пайда болған қатерлі ісіктің пластик ыдыспен байланысын ғылым ресми түрде дәлелдемеген.

«Егер біреу таза ауамен демалғысы келіп, ол үшін тек табиғи таза өнімдерді қолданса, ал бұл уақытта көршісі пешті қақпақтармен жағуын тоқтатпаса, мұның қаншалықты мәні бар?» – дейді Қарағанды облыстық онкологиялық диспансер директорының орынбасары Ернар Ермекбаев.

Пластик әлемде 70-жылдардан бастап қолданылып келеді. Алайда кейбір елдерде мұндай ыдыспен баланы тамақтандыруға тыйым салынған. Ал қазақстандық мамандар ыдыстың заттаңбасындағы нұсқаулықпен танысуға кеңес береді.

«Егер мұндай ыдыс қыздырылса, ұзақ сақталса және көп пайдаланылса, улы элементтер бөлуі мүмкін», – дейді Қарағанды облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басқарушысы Гүлмира Күзембаева.

Бұл ретте онкологтар пациенттерге пластик ыдысқа алкогольді сусын құйып ішпеуге және мұндай ыдысты тамақты жылытпауға кеңес берді. Алайда ыдыстың заттаңбасында контейнерді қысқатолқынды пеште жылытуға болатыны көрсетілсе, бұл оның қауіпсіздігін көрсетеді. Ал полиэтилен пакеттер мен бір реттік қолданысқа арналған ыдыстар тағамдық өнімдерді уақытша тасымалдауға ғана арналған. Оларды тамақты сақтау не жылыту мақсатында қолдануға болмайды.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3382
0 пікір
Блог туралы