Қай жануарлардың еті халал саналады?
Қай жануарлардың еті халал саналады?

Ислам дінінде кей жануардың етін жеуге тыйым салынады. Ал, халал саналатын жануарларды білесіз бе? 

Сиыр, қой, ешкі, түйе, қоян, тауық, қаз, үйрек, күркетауыз түріндегі үй жануарлары. Киік, арқар, ақбөкен, бұғы, тауешкі, зебра секілді жабайы жануарлар. Көгершін, торғай, бөдене, қырғауыл, қараторғай, тырна тәрізді құстардың еттерінің халалдығы жөнінде ғұламалар арасында ауызбірлік бар.

Осы айтылғандардың бір бөлігінің халалдығы туралы Құранда айтылса, қалғандары Құрандағы «жеңдер» деген қағидаға сай жақсы және таза топтан саналған. Бұлардың жыртқыш болмағаны, яғни азуларында ұзын және үшкір немесе шеңгелімен ұстап аң ауламайтыны және өздерін қорғана алмайтыны айқындалған. Бұл жерде аққу құс та халалға жатады. Бірақ қазақ халқы оны ежелден пәктігіне және адалдығына қарай «киелі құс» санап жемеген. Тіпті «аққуды атпа, досыңды сатпа» деп, оны ату досын атқанмен бірдей деп қараған.

Халал мен харам қазақ ғұламалары әлдебір хикметке сай пәтуәсін берсе керек… Шегіртке де сүннетте жеуге болатыны туралы үкім болғандықтан халал жануарлар тобынан орын тепкен. Ғалымдар арасында еттерінің харам екендігіне ауыз бірлігі бар жан-жануарлар болса, үш топқа бөлінеді. Доңыздың харамдығына қатысты Құранда ашық үкім бар. Құранда түр ретінде тыйым салынған тек осы доңыз ғана. Аллаһтан өзге бір нәрсенің атымен бауыздалған жануарлардың еттерінің харам екендігіне де Құранда ашық үкім бар. Ислам діні – тәухид діні. Барлық жандыны да жансызды да, жаратқан Аллаһ Тағала. Ендеше мал сойғанда тек Жаратқанның атымен сою – парыз. Оған серік қосуға болмайды.

Ihsan.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3692
0 пікір
Блог туралы