Қазақ тілі ғарышта бірінші болған тілдердің бірі екенін көп ешкім біле бермейді.
Алғашқы кеңестік жер серіктері қазақ және орыс тілінде жазылған деректер пакетімен жабдықталған болатын. Онда:
«Внимание! Этот пакет срочно доставить в ближайший совет!»
«Жолдастар! Мына пакеттi кiм тапса, жақын жердегi жергiлiктi советке табыс етiлciн!» — деп жазылған.
Неліктен алғашқы спутниктерде мұндай деректер жазылды?
Оған себеп: қазақ жеріне деген құрметтен бөлек, сонымен қатар, капсуланың қону алаңы жоспарланған жерде болмауы күтілген. Біздің қазақ даласына қонатын болғандықтан, капсуланы Байқоңырдан келген іздеу машиналарынан бұрын ауыл тұрғындарының біреуі тауып алуы мүмкін еді. Ал ол адам қарапайым қойшы немесе аңшы боп шықса ше? Ал ол адам орыс тілін түсінбеуі де мүмкін. Сондықтан, мәтін орыс тілімен қоса, қазақ тілінде де жазылған болатын.
Фактілер көрсеткендей, тек содан кейін ғана ағылшын, француз, қытай, жапон және басқа да тілдер ғарышқа аттанған. Космонавтика тарихындағы бұл керемет факт бізге ғарышқа бірінші болып қазақ тілі жетті деп айтуға толықтай құқық береді.
newsroom.kz