Қазығұрт тауында «індеттің бетін қайтаратын» пирамидалар соғылып жатыр ма? (видео)
Қазығұрт тауында «індеттің бетін қайтаратын» пирамидалар соғылып жатыр ма? (видео)

Түркістан облысы, Қазығұрт тауында пирамидалардың соғылып жатқаны жайында аудиожазба мен видео тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. Әлеуметтік желіде тараған аудиожазбада әйел ерекше таңданыспен киелі Қазығұрт тауында пирамида соғып жатқан кісімен кездескенін әңгімелеген. Сонда айтылғандай, ер кісі өзін ғылыми орталықтың мүшесі ретінде таныстырғанын айтады. Сондай-ақ, ол түсінде Мұхаммед пайғамбарды көріп, оның аян бергенін айтқан. Аян бойынша, осы Қазығұрт тауының басында мұнан 12 мың жыл бұрын пирамида болғанын, ол пирамидалардың елді қауіптен қорғағанын, қазір құлап қалғанын айтып, пирамидаларды қайта тұрғызу керектігін айтқан. «Егер де 13 қыркүйекке дейін пирамиданы салып үлгерер болсаң ешқандай қауіп болмайды» деген соң іске кірісіп, пирамиданың орнын тапқан көрінеді. Сондай-ақ, пирамидаларды тұрғызып та үлгергенін айтқан. Тіпті, содан кейін елді жайлаған аурудың да беті қайтқанын алға тартқан. Ал бейнежазбада биіктікте салынған пирамида пішіндес бірнеше нысанды байқауға болады. Онда ер адам бұл пирамидалардың Қазығұрт тауында екендігін айтады.

 

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
4 жыл бұрын 2495
0 пікір
Блог туралы