Сақ болыңыз! Қытайда жөргекті қалай жасайтыны белгілі болды
Сақ болыңыз! Қытайда жөргекті қалай жасайтыны белгілі болды

Экология нашарлаған сайын қоқыстарды қайта өңдеудің маңыздылығы артып келеді. Алайда, қалдықты қайта өңдеуді кейбір өндірушілер бұрыс мақсатта пайдаланып келеді. Солардың бірі - Қытайдың Шаньдун өлкесінде орналасқан жөргек шығаратын фабрика. Қытайда тұтынушылар құқығын қорғайтын күні өндіріс орындарына тексеріс жүргізіледі. Осындай күндері жантүршігерлік жағдайлар белгілі болып жатады.

Жөргек шығаратын фабрика халықтың жағасын ұстатқандардың бірі болды. Құжатқа сай, аталмыш фабрика қызметкерлері қолданылған ересектерге арналған жергөктердің мақтасын алып жаңасын жасап отырған.

Оларды қайдан алып отырғаны белгісіз. Фабрика әкімшілігінің жергілікті қарттар үйімен арнайы келісім болуы мүмкін деген болжам бар. Фабриканың жанында орналасқан үйлердің тұрғындары өндіріс орнынан жағымсыз иіс шығатынын айтып, шағымданған. 


qamshy.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 3022
0 пікір
Блог туралы