"Сараның күйеуі" қазір де көп екен...
"Сараның күйеуі" қазір де көп екен...

Баяғыда біздің ауылда Сара деген мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын апай бар болған. Лауазымы жоғары қызметте болған соң бәрі қошеметтеп, қолпаштап-ақ жүретін. Күйеуі үйден шықпай "үй күшіктеніп" кеткен. Көшеге шыға салса адамдар "Сараның күйеуі" деп келеке қылатын. Кезінде ауылдан шеткері жүріп, ауылдасын жолдан көріп қалып бас салған ғой. Өзін таныстырып есімін айтса танымай қойған көрінеді. Ақыры "Сараның күйеуімін" деп таныстырыпты өзін. Содан бері ол кісінің аты кім екені беймәлім. Әлі күнге дейін ол кісіні жұрттың бәрі "Сараның күйеуі" деп шақырады))

"Сараның күйеуі" қазір де көп екен))

Гүлден Әбдібақыт

Фейсбуктегі парақшасынан

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 жыл бұрын 4355
2 пікір
Блог туралы