«Шошқа тәрізді қой»: Ауыл шаруашылығы министрлігі түсінік берді
«Шошқа тәрізді қой»: Ауыл шаруашылығы министрлігі түсінік берді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Аспан желіде тарап жатқан шошқа тәрізді қойға түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Желіде қоймен будандастырылған-мыс шошқа туралы видео таралып, оны әлеумет қызу талқылап жатыр екен. Осыған қатысты түсіндіре кетейінші...

Негізі бұған қатысты түсіндірме жыл сайын өтеді, ерінбеймін!

Алдымен  шошқа мен қойдың физиологиясы мен генетикасы бойынша әртүрлі жануар. Қойдағы хромосомалардың саны 54, ал шошқада 38.  Хромосомалар санындағы бұл айырмашылық шошқа немесе қойдың жаңа түрлерін шығару үшін тәжірибе жасауға келмейді дегенді білдіреді.

Бұл дегеніміз, ғылыми тұрғыда мүмкін емес. Әлемде мұндай жұмыс түрлері жүргізілмейді.

Басқа-басқа Қазақстанда атымен жоқ әрі болуы мүмкін емес. Будандастырған күннің өзінде бұл жануарлар ұрық бермейді. Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде қой мен шошқаның өміршең будандары туралы ақпарат та жоқ», - деп жазды Facebook парақшасында.

Сөзін жалғай отырып, желіде доңыз тәрізді қойға түсінік беріп өтті.

«Ал желіде тарап жатқан видеода шошқа тәрізді қой емес, Мангалия шошқа тұқымы бейнеленген. Ол 19 ғасырда ескі Венгр шошқа тұқымдары (Бакони және Сзалонтай) мен Еуропалық қабанды будандастыру негізінде өсірілген. Өзінің төзімділігінің арқасында Венгрияда жиі кездеседі.

Ал желіде тарап жатқан видео аталған шошқалардың көрмеге қойылған кезінде түсірілуі мүмкін. Қойдың орнына сатып жатыр деген жалған ақпарат.

Бірқатар БАҚ-та осы видеоға қатысты түсініктеме берілді. Алайда байқаймын, кейбір БАҚ пен пабликтер «Қазақстанда шошқа тәріздес қой сатып жатыр» деп мұқым жұртқа жалған ақпарат таратып, қауымды үрейлендіріп отыр», - деді Дамир Аспан.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
3 жыл бұрын 1737
0 пікір
Блог туралы