ERNUR.KZ. Тәжік парламентінің төменгі палатасында СМС-хабарлау арқылы талақ айтып ажырасатындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы енгізілді, деп жазады centralasian.org. Жобада заңды бұзғандарды үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тәжікстан заңдарына сәйкес СМС арқылы талақ айтып ажырасу заңсыз болып есептеледі. Елдің Мұсылмандар діни басқармасы азаматтарды мұндай тәжірибеден бас тартуға шақырып келеді. Парламентте құжатты әзірлеп жатқан депутаттардың айтуынша, заң жобасы "адамдарды сөзсіз түрде еркінен ажыратуды" көздемейді. "Негізгі мақсат жастарды отбасы мен балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақыру, көпшілік жағдайда мұндай ажырасулардың құрбаны болып жатқан әйелдердің құқығын қорғау. Соңғы жылдары телефон арқылы ажырасу тәжірибесін сыртта жұмыс істеп жүрген мигранттар көп қолданып жатыр", - деді депутаттардың бірі. Тәжікстанда СМС арқылы талақ беріп ажырасудың дұрыс еместігі тоғыз жыл бұрын көтерілген. Онда елдің Дін істері бойынша мемлекеттік комитеті Ақсақалдар кеңесімен бірлесіп телефон арқылы ажырасуға тыйым салуға фатва шығарған. Ресми мәліметтер бойынша Тәжікстанда былтыр 12,5 мың отбасы ажырасқан. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын 10 мың болған.
|
Смс арқылы талақ айтып ажырасатындарды жазаға тарту ұсынылды
|
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 жыл бұрын
Бөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 жыл бұрын
Cаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 жыл бұрын
Nurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 жыл бұрын
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 жыл бұрын
Cаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 жыл бұрын
2025, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.
