Таңғы уақытта көретін түстен неге қорқамыз
Таңғы уақытта көретін түстен неге қорқамыз

Эдинбург университеті геофизикалық зерттеулер мектебінің докторы Штефан Маттизен таңғы түстің жайсыз тұстары төңірегінде көптеген ғылыми еңбектер жазған бірден бір маман. Ол адам түсінде неге үрейлі оқиғаларға толы құбылыстар мен қорқыныштарға тап болатындығын ұзақ зерттеген.

Ғалым ең алдымен осындай түстердің тізбегін жасаған, яғни адамдардан жазып алған. Нәтижесінде, мұндай түстерден көп адамдардың қатты қорқатындығын анықтаған. Түнгі үрейлі түстердің көпшілігі негізінен ұқсас келеді. Мәселен, түсінде өліп қалу, жіпке асылған адамды көру, көлік қағып кету, отбасылық ажырасу, төбелес, ит қауып алу, шикі ет жеу, қасқырға талану секілді оқиғалардың қай-қайсысы да адам жүйкесіне кері әсер етеді, деп жазады Айқын.

Қазіргі ғылым осы секілді түстерді көрмеудің жолдары барын да құлаққағыс жасайды. Ол үшін адам уақытында жатып, жақсы нәрсені ойлап, әйтеуір бір үміттің жетегінде жүруі керек. Бізде бұлай бермейтіні өкінішті. Таңертеңнен қара кешке дейінгі тынымсыз жұмыс, кешкілік телесериалдар көру, таусылмайтын той-томалақ, кеш жатудың салдары адамды әбігерге салады. Ұйқы бұзылатын жағдайлар да осындайдан болады.

Түс көруге қатысты ой бөліскен мамандар қалыпты түстің төрт фазадан тұратындығын айтады. Олар ауысу кезінде физиологиялық процестерді тежеп, ми қызметін тыныштандырады, дем алу мен жүрек қағысы баяулайды. Осыдан кейін терең түс көру  фазасы басталады. Ол кезде көз қарашығында тамырлар арқылы түрлі қозғалыстар болады. Толық 90-нан 100 минутқа дейін бірін бірі алмастырып отырады. Тек үшінші және төртінші фаза жылдам өтеді екен. Алайда кез келген жағдайда түс көру процесі жалғасуы мүмкін. Көп жағдайда жылдам өтетін түс кезінде адам оянып кетеді. Бір ерекшелігі адам денесі семіп қалғандай болады. Бұл адамның өзіне өзі қастандық жасап алуынан сақтандыратын құбылыс көрінеді. «Түс көрі кезінде семіп қалу»  жағдайлары адамдардың 40 пайызында қайталанады. Психологтар әсіресе, күндізгі ұйқы кезінде түс көрудің қауіпті екендігін ескертеді. Түнге қарағанда күндізгі ұйқының кезінде мидың қозуы жиілейді.

Түс көрудің түрлі тәсілдерін зерттеушілер оған ғылыми баға бермегенімен, сергек жүрген жағдайда ұйқы жиі бұзылмайтындығын ескертеді.

Бір ерекшелік, әлемдегі ұлттардың әрқайсысы түс туралы түсініктерін өздерінше айтады, жеткілікті жорамалдары да бар. Оны сол халықтың фольклорынан да байқайсыз. Мәселен, Қытай, Тайван халқы жоғарыда бір күштің барына сөзсіз сенеді. Жаман түс көрудің өзі де соларға байланысты деген пікірде. Мысалы Ньюфаунленд аралында жалмауыз кемпір секілді  біреудің бары әлі күнге аңыз секілді айтылады.Ол ұйықтап жатқандарды тұншықтырып, кедеудесін шанжып, қорқытып-үркітіп жүреді.

Жапондарда түнгі жалмауыздар туралы аңыз қалған. Ол түнде ұйықтап жатқан адамдарға шабуыл жасайды. Санта-Лючия аралының тұрғындары бүлдіршіндердің жаны таза болғандықтан үрейдің барлығы ересектерге өш келеді деп түсінеді.

Доктор Штефан Маттизен «Жансыздандыратын түс» осы саланы зерттеуге ғалымдарыдң ықыласын арттыратындығын айтады. Түс төңірегінде нақты пікір қалыптаспағанымен, заман өзгерсе де оның қорқынышты жақтары өзгермеді. Мұны қазақтар «Түс — түлкінің тезегі» десе де, артынан ойланатындар көп. Өйткені бізде түсінде аян беретін жағдайлар жиі ұшырасады. Тіпті түсінде көрген оқиғаға байланысты болжамжар жасау да қалыптасқан. Ғылыми тұрғыда «ақиқат әлеміне кең ашылған есіктен бұрын болып кеткен, я болашақта болатын оқиғалардың сол күні бірқатар нышандар арқылы тамашалануы, яғни жалпақ тілмен айтқанда, ұйықтап жатқанда көрінген тылсым белгілер» қарапайым тұрғыда адамдарды үнемі сескендіріп келеді.

Бір-екі мысал: Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді. Жақсы көйлек кисе, кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді. Өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды. Басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау, бақытты болудың нышаны. Жылаған болса, өңінде қуанады. Суда жүзіп жүрген балықты көрсе, адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді. Үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

Осы секілді жорамал жетіп артылады. Алайда оынң да бірі қисынды, бірі қисынсыз.

Қалай десек те, қалай айтсақ та түс сіздің бақытты болуыңызға әсер етпейді. Одан да жүйкені сақтап, жақсы демалып, дұрыс ұйықтауды әдетке айналдырған жөн.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
6 жыл бұрын 3697
0 пікір
Блог туралы