Трамп - мұсылмандардың жаңа "халифасы"
Трамп - мұсылмандардың жаңа "халифасы"

Трамптың президент болып сайланғаннан кейін, алғашқы сапарын Сауд Арабиясына жасауы тегін емес. Тек Сауд емес, артынан Израиль сосын Римге барады. Бұл нені білдіреді? Бұл әлі күнге әлемдік үш діннің халықаралық саясатта салмағы бар дегенін білдіреді. Жаңа түскен келін алдымен ата-енесіне иіліп сәлем беретіні секілді, Трампгүл да Таяу Шығыстың қарттарына сәлем берейің дегені ғой.

Дегенмен өз тіліне ие бола алмайтын Трамп, сайлау алдын "Мұсылмандарды АҚШ-қа кіргізуге тыйым салу керек", "АҚШ-тың Израильдегі елшілігін Иерусалимге ауыстырамыз" деген сипаттағы байқаусыз сөйлемдер айтып, біраз мұсылманның ашуына тиіп еді. Иә, бірақ президент есалаң болса да, оның қасындағылар ақымақ емес. 2 миллиарадқа жақын мұсылманның Америкаға дұшпандығы емес, достық сезімі қажет.

Сонымен Трамп неге Саудияға келді? 
Біріншіден, 1945 жылы Рузвельт пен король Абдуррахман бин Әл-Саудтың негізін қалап кеткен американ-сауд достығы Барақ батырдың кезінде "Иранмен келісімшарт" мәселесіне байланысты біраз нашарлап кетіп еді. Яғни араптардың ренжігіен көңілін аулап, қайта үміт беру үшін келді.
Екіншіден, осы сәтті пайдалана отырып 55 мұсылман мемлекеттен келген лидерлерге өзін көрсетіп, әңгімесін айтып кету. Оның үстіне мұсылмандардың өз мінберіне шығып, оларға не істеу керек екендіктеріне бағдар айтып, нұсқаулар беру - круто емес пе? (бұрын бұндай тек халифалардың қолынан келген). 
 Үшіншіден, Иранның кейінгі кездердегі экспансиялық саясатынан қорқып қалған, саудтарға 300 миллиардқа(!) қару-жарақ сату үшін келді. Негізі саудтар бұл қару-жарақты алса да, оларды тиімді қолдану үшін керекті мамандары да, милары да жетпейтінін ескере отырып, бұны жаңа келген "қожайынға" берген взяткасы ретінде қарастыру дұрысырақ сияқты.

Фото Burhanuddin Abdulhakim.

Burhanuddin Abdulhakim-нің Фейсбуктегі парақшасынан
Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 2551
0 пікір
Блог туралы