Түлкі аулап, терісінен тымақ тігіп киетін балалар (фото)
Түлкі аулап, терісінен тымақ тігіп киетін балалар (фото)

ОҚО-да  құсбегілікті   бұрыннан насихаттап жүрген бүтіндей бір әулет бар. Солардың ұрпағы  Жомарт Кеуенов  есімді азамат бүгінде өз балаларынан бөлек, тағы бірнеше азаматты осы өнерге баулып жүр. Мақсаты- қазақтың көне өнерін ұмыт қалдырмау.

аң1

Құсбегілікті бала күнінен бастаған  Жомарт Кеуеновтің үйінде  Stan.kz сайтының  өңірдегі  тілшісі қонақта болып қайтқан еді.

аң13

Қазақылықтың қаймағы сақталған күнгейде бүгінде бар-жоғы 12 құсбегі бар. Солардың бірі, Қасқасу құсбегілерінің ұрпағы- Кеуеновтер.  Жомарт есімді  құсбегі 2007 жылдан бері облыстық ұлттық спорт мектебінің,  саят бөлімінде жаттықтырушы болып істейді. Тектілігікке теңелген құсбегілікті келер ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтқан ол,  ұлдарын да жастайынан осы өнерге баулыған. Оған қоса Қасқасуда, Арыста және Сайрамда шәкірттері бар. Олар түрлі жарыстардан жүлделі орын алып жүр. Бәріне құс қондырып беріп, ұлттық құрамадан көрінеміз бе деген үміті зор.

аң15

“Мен бала күнімнен бүркіт, қаршығаны көріп өстім. Әжем, оның анасы қыран құсты баптаумен айналысқан кісілер. Өзімді осы өнерге баулыған апам 2012 жылы дүниеден өтті. Ол кісі өмірінің соңына дейін қаршыға мен бүркітті баптап отырды. Мен барлығын сол кісіден үйрендім. Құсты баптау, жағдайын жасау, ауырып қалса емдеу сынды жұмыстардың барлығын  көріп, сіңіріп өстім”,- дейді құсбегі.

аң4

Ол бүгінде өзінің қос ұлы  Мырзадәулет пен Сейдулланы  құсбегілікке баулып жүр. Балалардың үлкені 17 жаста, кішісі 15-те. Олар бүркіт баптаудың қыр-сырын, қазірдің өзінде  бір кісідей  үйреніп алған.

аң18

аң5

Мынау 4 жасар бүркіт.

аң6

“Қазір үйімізде үш бүркіт, екі қаршыға бар. Әрине оның барлығына үшеуміз қараймыз. Қыран құстарға қарау , жағдайын жасап, бабында ұстау-үлкен еңбек. Құсты ешқашан ақшаға сатпайды. Сондықтан кей құстарды сыйлыққа алдық, кей біреулерін ұясынан алып келгенбіз. Оларды аң аулауға үйретіп, тәрбиелеу керек. Құстар да адам сияқты түрлі мінезді болады. Олардың психологиясын  түсінген кезде ғана тәрбиелеуге көшеміз”,-дейді ұлдардың үлкені  Мырзадәулет Жомартұлы.

аң7

Жігіттер аң аулап келгеннен кейін,  түлкінің  терісінен етін ажыратады.

аң8

Мырзадәулеттің басындағы  түлкі тымағын әкесі тігіп беріпті. Ал аңды жігіттердің өздері ұстаған.

аң10

аң9

аң3

Әкесі мен баласы түлкінің етін тазалап, оған қажетті қоспаларды араластырып  құстарына азық дайындап жатыр.

аң2

аң14

Жігітте рөздері ұстаған түлкілердің терісін күнге кептіру үшін аулаға жайып қояды екен.

аң11

аң12

аң16

аң17

stan.kz

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
7 жыл бұрын 4739
0 пікір
Блог туралы