Әрбір ел үшін халық санының көп болғаны маңызды. Демографиялық тұрғыда бір әйел кем дегенде екі бала тууы керек. Осылайша бала саны көз жұмғандардың орнын толықтыруы керек.
Бұл тепе-теңдік барлық елде сақтала бермегендіктен билік өкілдері халықтың жыныстық қатынаспен айналысып, көптеп бала тууына күш салады, деп жазады Business Insider.
Дания
Елде «Егер сіздерде бала жоқ болса, тым болмағанда Дания елі үшін бала туыңыздар» деген ұран бар. Мұндағы бала туу көрсеткіші тым төмен болғандықтан Spies Rejser туристік фирмасы мынадай қулыққа көшкен. Осы фирма арқылы демалыс алған ерлі-зайыптылар сол аралықта бала көтерсе, фирма үш жылға дейін балаға қажетті затын алып беріп тұрады.
Ресей
Ресей 2007 жылы 12 қыркүйек күнін ресми түрде жыныстық қатынаспен айналысу күні деп атады. Дәл осы күні көтеріп, 9 айдан соң босанған әйелдер тоңазытқыш сыйға алады.
Жапония
1975 жылы елде туу көрсеткіші төмендеп кетті. Мұны орнын толтыру үшін 2010 жылы бір топ студент жыныстық қатынаспен айналысуға үгіттейтін Yotaro жобасын жасады.
Румыния
1960 жылы Румыния жас жұбайлар үшін тұруға қолайсыз жер болды. Өйткені, балалары жоқ ерлі зайыптылар салық төлейтін. Мұнда «егер елдің болашағы үшін жұмыс істейтін бала тумасаңдар, онда салық төлеңдер» деген ұстаным болды. 1980 жылы әйелдерді гинекологқа шақырып, олардың бала туу мүмкіндігі бар екенін айтты. Елде әлі де туу көрсеткіші төмен.
Сингапур
Сингапурде де ең төменгі көрсеткіш. Бір әйел орта есеппен 0,81 балаға тең. 2012 жылы 8 тамызды үкімет Ұлттық түн деп атады. Сонымен қатар бір жатын бөлмесі бар кішігірім пәтерлер салу көзделді. Елде жыл сайын 1,6 млн доллар ақшаны елді балалы болуға шақыратын бағдарламалар жасуға жұмсалады.
Оңтүстік Корея
Елде әрбір үшінші сәрсенбі күні сағат кешкі 7-ден бастап жарықты өшіреді. Бұл отбасы күні деп аталады. Тіпті , бір баладан көп отбасыға ақшалай сыйақы беріледі.
Түркия
Ел үкіметі жас жұбайлардың бірініші баласы үшін 130 доллар, екінші баласы үшін 170 доллар, үшінші бала үшін 260 доллар береді. 2015 жылы премьер-министр жұмыс істейтін әйелдерге жеңілдік қарастыру мәселесін көтерді. Мәселен, жарты жұмыс күні үшін толық жалақы алу мәселесін айтты.
Үндістан
Бұл елде бір әйелге 2,48 бала тең келеді. Бала туу мәселесі төмен болмағанымен парсылар азайып барады. 2014 жылы «Бүгін жауапты бол – мүшеқап қолданба» деген жарнамалар таратты. Соның нәтижесінде парсылардың саны өсті.
Италия
Италия билігі басқаша әдіс ұстанады. Олар жарнамалар таратты. Мазмұны «уақыт өтіп жатыр, ал бала өздігінен пайда болмайды» дегенге саяды.
Гонконг
2013 жылы елде балалы болған жұптарға ақша береді. Мұнда алғашқы бала үшін 4400 доллар, үшінші, төртінші балалар үшін 5900 доллар төлейді. Алайда одан нәтиже шықпай жатыр.
Испания
Испанияда бала туу көрсеткіші азайып барады. Жұмыссыздық өсіп жатыр. Жарты халықтың жұмысы жоқ. Осы мәселемен айналысу үшін Эдельмира Баррейраны қызметке қойды. Ол елдегі бала туу көрсеткішінің себептерін анықтап, онымен күресуді қолға алуы тиіс.