АМЕРИКАДАҒЫ ҚАЗАҚ: ҚАНЫМ ҚАЗАҚ БОЛҒАН СОҢ, ҚАЗАҚСТАНҒА АҢСАРЫМ АУЫП ТҰРАДЫ
Сонау 1989 жылы ағайынды Табыс және Жолды Келбатыровтар бала-шағасымен бірге мұхит асып, Қазақстаннан Америкаға қоныс аударған болатын. Араға отыз жыл салып, Табыстың кенже ұлы Михаил Келбатыров әлеуметтік желілердің біріндегі шетелдегі қазақтарға арналған топта өз басынан өткен оқиғасын жазыпты. Онда ол қазақ тілін үйреніп, қазақ мәдениетімен танысқысы келетінін де атап өткен. Осыған орай есейген шағында тума-туыстарын іздеп, ата-тегі, тарихи Отанын танып-білуді көздеген алыстағы Михаилмен хабарласып, әңгімеге тартқан едік. – Михаил, Facebook желісіндегі Kazakhs in America тобына өзіңіз...