Ислам дінінде кей жануардың етін жеуге тыйым салынады. Ал, халал саналатын жануарларды білесіз бе? Сиыр, қой, ешкі, түйе, қоян, тауық, қаз, үйрек, күркетауыз түріндегі үй жануарлары. Киік, арқар, ақбөкен, бұғы, тауешкі, зебра секілді жабайы жануарлар. Көгершін, торғай, бөдене, қырғауыл, қараторғай, тырна тәрізді құстардың еттерінің халалдығы жөнінде ғұламалар арасында ауызбірлік бар. Осы айтылғандардың бір бөлігінің халалдығы туралы Құранда айтылса, қалғандары Құрандағы «жеңдер» деген қағидаға сай жақсы және таза топтан саналған. Бұлардың жыртқыш болмағаны, яғни азуларында ұзын және үшкір...