Сары ауру, АИТВ: Дәрігерлер хиджама арқылы түрлі ауру жұқтырып алуға болатынын ескертті
Қазақстандық дәрігерлер хиджама жасатудан кейін туындайтын қиындықтар туралы айтып берді. Медицина қызметкерлерінің сөзінше, мұндай процедураны жасату арқылы инфекциялық ауруларды жұқтырып алуға болады. Хиджама жасаймын деген қызметті әдетте ғаламторда көптеп ұсынады. Тек Алматы қаласының өзінде осындай 70-ке жуық хабарландыру жарияланған. Олардың дені клиенттің үйіне барып, қызмет көрсетуге дайын, деп хабарлайды «Алматы» арнасына сілтеме жасап Stan.kz. Алайда дәрігерлер хиджаманың соңы денсаулыққа байланысты түрлі қиындыққа алып келуі мүмкін екенін айтып отыр. Себебі мұндай емшілер...