Әйел тозаққа түсетін болса, өзімен бірге төрт еркекті ала кетеді
Әйел тозаққа түсетін болса, өзімен бірге төрт еркекті ала кетеді

Әйелдің тағдырына, дініне, ар-намысына төрт азамат жауапты болады. Олар: әкесі, ағасы, інісі, күйеуі. Егер әйел тозаққа түсетін болса, осы төрт еркекті өзімен бірге ала кетеді. Бұл туралы дінтанушы Руслан Қамбаров уағыздарының бірінде айтқан екен. 

«Ғалымдардың айтатын сөзі бар, әйел тозаққа түсетін болса, төрт еркекті өзімен бірге алып кетеді. Ол кім десеңіз, әкесі, ағасы, інісі, күйеуі. Бұл осы төрт кісі әйелдің түзу жүруіне жауапты деген сөз», - дейді Р.Қамбаров.

Оның айтуынша, әкесі қызының киіміне, жүріс-тұрысына бақылау жасамаса, телефонмен кіммен сөйлесіп, не көріп жатқанын қарамаса, ағасы мен інісі немқұрайлы болса, ертеңгі күні күйеуі де сондай біреу болып шықса, бұл адамдар жауапқа тартылады.

«Әйелдің тағдырына, дініне, ар-намысына осы төрт адам жауапты. Кез келген ер азамат осыны ұмытпауы керек», - деп түйіндеді ол.

Ернар ЕлмуратовЕрнар Елмуратов
8 лет назад 3874
0 комментариев