Бүгінде алаяқтардың да әрекеті күшейіп тұр. Олар банк картасын қалай ұрлап, пайдаланудың да сан-алуан тәсілдерін меңгеріп алған.
Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.
Олар картаны, оның пин-кодын ұрлайды, сосын ішіндегі ақшаны иемденуді мынадай тәсілмен іске асырады:
► Жасанды банкоматтар арқылы банк картасының пин-коды мен басқа да деректерді анықтап алады. РОS-терминалдарға әдейі вирус ендіреді. Банкомат аумағын жасырын камера қойып, сол арқылы картадағы деректерді жазып алады. Алаяқтар төлем карталары мен пин-кодтардағы ақпаратты арнайы электрондық құрылғылар арқылы ұрлап көшіреді. Бүгінде бұл тәсілді «Скимминг» деп атайды. Мұндай мәселеге тап болмау үшін мынаны есте сақтаңыз:
► Картаны банкоматқа салмастан бұрып, жақсылап қарап алыңыз. Егер банкоматта «скиммер» орнатылса, карта арнайы есептегіштен өтіп, қарапайым карта қабылдаушыға барады. Карта салынып жатқан саңылауда ешқандай қосымша құрылғының жоқ екендігіне назар аударыңыз. Егер банкоматта антискиммингті қаптама болса (пластиктен жасалған құрылғы), оны орнынан қозғап көріңіз. Нағыз қаптама банкоматқа өте берік жабысқан, ал жалған қаптама орнында қозғалақтап тұрады.
► Негізінде алаяқтар инспекторлардың тексерісінен қорқып, тыңшылық құрылғыларды тек бірнеше сағатқа ғана орнатады. Сондықтан қаптамаларды желім тәрізді қарапайым әдіс арқылы жапсырады. Көбінде мұндай жағдайдан кейін банкоматта желімнің қалдығы тәрізді іздер қалып кетуі мүмкін.
► Алаяқтар банкоматтың панелінің көшірмесін жасап, оларға бейнекамера енгізіп, оны банкоматқа орнатады. Банкоматтың үстін, жан-жағын толығымен қарап шығыңыз. Егер күдікті нәрсені байқасыңыз, ол жерге жақындамауға тырысыңыз. Кейде алыстан қара нүкте тәрізді көрінетін кішігірім шұңқыр көрінсе, абайлаңыз, бұл жасырын камера болуы мүмкін.
► Егер пернетақта сыртқы пішінінен күдік туғызып, орнынан қозғалақтап тұрса, одан әрі тексеріп көріңіз. Егер алаяқтардың әрекеті болса, жалған пернетақтаның астынан шын пернетақтаны көресіз.
► Банкомат ескі, панельдері сүрілген болғанымен пернетақтасы жап-жаңа болып тұруы да қауіпті белгі. Банктер құрылғыларын банкоматтың өзімен бірге ауыстырады.
► Ақшаңызды тек бір банкоматтан шешіп алуға тырысыңыз, оның пернетақтасы мен карта қабылдағышын еске сақтап алсаңыз тіпті жақсы.
► Бөлімше ішіндегі банкоматтарды қолданыңыз. Оларды жақсы күзетіп, тексереді. Бөлімшелерде бірнеше банкомат болады, олардың әрқайсысына «скиммер» орналастыру – алаяқтар үшін шығынды шаруа.
► Пернетақтаға арналған «қанатшалардың» бар екендігі – жақсы белгі. Мұндай банкоматтар жалған пернетақталардың, құпия кодты жазып алатын бейнекамераларды орнату мүмкіндігінен айырады.
► СМС-банкинг орнатыңыз. Есепшоттағы барлық операциялар жөнінде хабарлама жіберетін бағдарлама орнатыңыз. Бірақ ақшаңызды түнде шешіп алса немесе телефоныңыз өшірулі болса, бұл сізге көмектеспейді.
► Ең дұрысы – лимит орнату. Интернет-банкте қолма-қол ақша беру көлемін шектеп тастаңыз. Сонда алаяқтар бірден барлық соманы шешіп ала алмайды.